Осы аптада біз мектебімізде МІТ екі студентін, Александр Линчті және Софи Мориді қарсы алуға қуаныштымыз. Софи "Компьютерлік ғылымдар мен Лингвистика" мамандығында оқиды, ал Алекс - "Компьютерлік ғылымдар" мамандығында оқиды. Олар лингвистика, криптография және электрондық тәсімдер сияқты тақырыптар бойынша 10-13 сынып оқушылары үшін бірнеше семинар өткізді. Олар сонымен қатар оқушылармен "Сұрақтар-жауаптар" сессияларын оқушылар топтарымен ұйымдастырды және басқа сабақтарда бақылаушы ретінде болады.
Сейсенбі күні ассамблеяда олар өздері және МІТ-ке түскендері туралы айтты, және дәл осы оқиғалармен ата-аналарымен IGCSE пәндерін таңдау кешінде бөлісті. Іс-шарадан кейін олар ата-аналардың көптеген сұрақтарына жауап кереді. Алекс пен Софимен танысу және жұмыс істеу біздің оқушылар үшін рухтандыратын тәжірибе болған; олар түсінді, ынта мен білуге құмарлық ұлы академиялық биіктіктерге әкелуі мүмкін. Софи мен Алекс Haileybury Almaty-да сейсенбіге дейін болады, ал сосын олар 2 ақпан күні болатын МІТ-ке қайтуға дейін тап мұндай семинарларды өткізу үшін Haileybury Astana-ға барады.