Haileybury Astana мектебінің жаңа директоры (2020 жылдың қыркүйегінен бастап)

Haileybury Astana мектебінің жаңа директоры (2020 жылдың қыркүйегінен бастап)

Құрметті ата-аналар!

Қазақстандағы Haileybury мектептерінің Қамқоршылар Кеңесі атынан сіздермен Нұр-Сұлтан қаласындағы Haileybury Astana мектебі туралы маңызды жаңалықтармен бөліскім келеді.

Ресми түрде өткізілген сұхбаттан кейін Haileybury Қамқоршылар Кеңесі 2020 жылдың қыркүйегінен бастап Джон Коулз мырзаны Haileybury Astana мектебінің директоры етіп тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлауға қуаныштымын. Өзіңіз білетіндей қазір Джон Haileybury Almaty мектебінің директоры болып табылады. Қазақстанға келмес бұрын ол Haileybury UK мектебінде оқу бөлімін басқарған. 7 жыл бойы ол жетекші британдық мектепте және Haileybury Almaty мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарды.

Кеңестің пікірінше Джонның жұмыс тәжірибесі мен Қазақстанмен жақын таныс болуы оның осы лауазымға ең қолайлы кандидат болуына себін тигізді. Коулз мырзаның 5 жылдық келісімшартқа қол қоюы және Саймон Миллз мырзаның Haileybury Almaty мектебін басқаруға келуі екі мектеп әрі қарай тұрақтылық және үздіксіз даму жағдайында жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Коулз мырза Haileybury Almaty директоры ретінде жұмысын 2020 жылдың жазына дейін жалғастырады, және біз оған керемет жұмысы үшін алғыс айта аламыз. Ол қазіргі уақытта жоғары нәтижелерді көрсетіп жатқан Haileybury Astana мектебін басқарады. Нұр-Сұлтандағы әріптестеріміз Джон мырзаны, оның жұбайы Сильвияны және ұлы Луиді, ал біз болсақ Саймон Миллзді асыға күтудеміз.

 

Ізгі құрметпен,

Иан Хант

 

Haileybury Kazakhstan мектептерінің Қамқоршылар Кеңесі төрағасы

 

Жаңалықтар
14.07.2021
Haileybury Almaty A-Level Scholarship 2022
Біз 2022-2024 жылдарға арналған (12-13 оқу жылы) Haileybury Almaty А-Level толық және ішінара стипендия байқауына тіркелу ашық екенін хабарлауға қуаныштымыз!
08.07.2021
Haileybury Almaty оқушыларының бастамасы болып табылатын STEM байқауы  
13-сынып оқушысы Әлия мен Haileybury Almaty мектебінің бұрынғы оқушысы София халықаралық STEM байқауын ұйымдастырды.  
30.06.2021
Duke of Edinburgh International Award
Haileybury Almaty мектебінде Эдинбург герцогы жүлдесінің тағы бір сәтті жылы аяқталды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат