Қоғамға қызмет ету – Haileybury мектебінің басты құндылығы.

Haileybury Almaty мектеп түлегі Илья Кан ұйымдастырған жастар қайырымдылық бастамасын қолдауға қуанышты. Бастама туралы төменде келтірілген ақпаратты оқып, уақытыңызды ең мұқтаж адамдарға арнау туралы ойлануға шақырамыз!

Біз туралы:

TFH жастар қайырымдылық бастамасының басты мақсаты – бүкіл Қазақстан бойынша COVID-19 вирусымен күресіп жүрген дәрігерлер мен медбикелердің балаларына сапалы ақысыз ағылшын тілін үйрету. Кез келген жастағы мектеп оқушылары әлемдегі ең жақсы оқу орындарында оқитын және ағылшын тілінде еркін сөйлейтін 300-ден астам студент арасынан өздеріне тәлімгерлерді таңдай алады. Қарапайым және ыңғайлы платформаның арқасында біз оқушылар мен тәлімгерлерді тез байланыстырамыз, екі жаққа да икемді кесте мен броньдаудың ыңғайлы жүйесін ұсынамыз.

Біздің мақсатымыз:

COVID-19 бізге және біздің жақын адамдарымызға қауіп төндірді. Осы қиын кездерде үйде болсақ та, болмасақ та біздің денсаулығымыз бен әл-ауқатымыз маңызды. Бақытымызға орай, бізде вирустармен күресте алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлер мен медбикелер, медицина қызметкерлері, қаһармандарымыз бар. Бүкіл ел бойынша мыңдаған дәрігерлер мен медбикелер тәулік бойы жұмыс жасай отырып, бізді вирустан қорғайды. Олардың үйге баруға, отбасымен және балалармен уақыт өткізуге мүмкіндігі жоқ. Біз, TFH бастамасы, өз дәрігерлеріміз бен медбикелерімізге балаларына сапалы онлайн сабақтар бере отырып, қолдау көрсетуге тырысамыз.

• Егер сіз жақсылық жасағыңыз келсе
• Егер сіз мектепте немесе университетте оқитын болсаңыз
• Егер ағылшын тілін орта және одан жоғары деңгейде білсеңіз
• Егер аптасына 2 сағат бос уақытыңыз болса

Біздің командамыздың мүшесі болыңыз! Ата-аналары бізді қорғайтын балаларға ақысыз сабақтарды сыйға тартыңыз.

Жаңалықтар
24.03.2023
Біздің оқушылар жүзеге асыратын инновациялық жобалар
Бұл Даниал, 12-сыныптың дарынды оқушысы. Ол біздің мектеп кітапханасы үшін керемет қосымша жасап шығарды!
22.03.2023
Nauryz celebration
Сіздерді бірлік пен өзара түсіністіктің мерекесі, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
17.03.2023
Ұлыбритания университеттері түлектерінің кездесу кеші
Бұл көңілді кеште Ұлыбританияның әртүрлі университеттерінің 100-ден астам түлектері, соның ішінде Haileybury Almaty мектебінің түлектері жиналып, бір-бірімен араласуға, байланыс орнатуға және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

Сізге мектебімізді және біз ұсынатын барлық мүмкіндіктерді жақсы түсінуге көмектесетін жаңа функциямызды ұсынуға қуаныштымыз. Виртуалды тәжірибе арқылы сіз мектебіміздің ерекше мүмкіндіктерін, оның артықшылықтарын көріп, қабылдау талаптары мен үдерісімен жақынырақ таныса аласыз.

Виртуалды тәжірибе құрастыру
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат