Haileybury Almaty мектебі әлеуметтік және көшбасшылық қасиетке ие, өзіне сенімді жастарды дайындап, жан-жақты білім береді.
Бүгінгі таңда мектеп оқытып жатқан Британ оқу бағдарламасы жоғары академиялық стандартымен ерекшеленеді, сондай-ақ мектепте шығармашылық, спорт саласына да көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың спорт саласындағы жетістігі басқа да оқу пәндері сияқты басымдылыққа ие. Спорт үйірмелері – бұл ойын-сауық емес, балалардың денінің сау болуына, салауатты өмір салтын ұстануына қажетті оқу пәні.
Қазіргі таңда ғаламтор желілерінде дене шынықтыру пәндерінің сағат жүктемелері, бұл пәннің өскелең ұрпаққа қаншалықты маңыздылығы қызу талқылануда. Осы мәселе бойынша британ педагогтерінің көзқарасын білу мақсатында Voxball интерактивті платформасының журналистері Haileybury Almaty мектебіне хабарласқан еді. Haileybury Almaty мектебінің дене шынықтыру факультетінің жетекшісі Эрскин мырзаның мектептегі дене шынықтыру пәнінің маңыздылығы туралы берген сұхбатын көруге шақырамыз.