Эндрю Чой Кембридж университетіне инженер мамандығы бойынша оқуға түсті!

Haileybury Almaty мектебінің 2021 жылғы түлегі Эндрю Чой Кембридж университетіне инженер мамандығы бойынша оқуға түсті! 

Өткен жылы Эндрю Императорлық колледжге қабылданды, бірақ академиялық үзіліс алып, армандаған университетіне түсуге шешім қабылдады. 
Эндрю мектепті бітіргеннен кейін де, біздің мұғалімдеріміз мен кеңесшілеріміз оны әр қадамында қолдап, оның жеке өтінішін дайындауға көмектесу үшін апта сайын сабақ өткізді, сонымен қатар оны арнайы білім мен тәжірибені қажет ететін инженерлік емтихан мен қорытынды сұхбатқа дайындады.
Біз Эндрюді Кембриджге түсуімен құттықтаймыз және оған инженерлік салада үлкен жетістіктер тілейміз!

Сәлем, менің есімім Jaehyung, мен Оңтүстік Кореяданмын және Haileybury Almaty мектебінің түлегімін. Жақында мен Кембридж университетінен 2022 жылы оқуға түсуге ұсыныс алдым, енді шартты ұсынысты орындау үшін IELTS емтиханына дайындалып жатырмын.   
Haileybury-де оқып жүргенімде, мұғалімдер мен қызметкерлер А-Level бағдарлмасын сәтті аяқтау үшін маған барынша қолдау көрсетті. Мысалы, карантин кезінде олар білім сапасын жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, осылайша ешқайсымыз қорытынды емтихандарда қиналған жоқ және де бәріміз нәтижелерімізге риза болдық. Sixth-Form оқушыларының көпшілігі өз нәтижелеріне риза, мен де солардың қатарындамын.   

Кембриджге өтініш дайындау кезінде Haileybury мектебі маған жеке өтінішімді жазуға, инженерлік мамандықты таңдаған барлық талапкерлер тапсыратын ENGAA-ға және сұхбатқа дайындалуға көмектесті. Кембридж университетінің түлегі, физика пәнінің жаңа мұғалімі Джейкоби мырза маған шығармашылық тұрғыдан ойлауға және қысым кезінде мәселелерді дұрыс шешуді үйретті. Оның керемет қолдауының арқасында сұхбат барысында барлық сұрақтарға сенімді жауап бере алдым. 

Haileybury мектебінің барлық қызметкерлері мен мұғалімдеріне ең жақсы білім бергендері үшін және тамаша оқу ортасын құрғандары үшін алғысым шексіз.

Осыдан басқа, ең маңыздысы - Haileybury мектебі оқушылары туралы шынымен ойлайды. Мен мұны тек оқу кезінде ғана емес, Пандья мырза маған оқуымды бітіргеннен кейін де Кембриджге түсуге көмектескен кезде сезіндім. Маған жоғары оқу орнына түсуге көмектесу енді оның міндеті болмаса да, ол менің өтінішімді мүмкіндігінше жақсы ету үшін бар күшін салды. Мен оған керемет ұсыныс жазғаны үшін және Haileybury-де оқып жүргенімде ең жақсы тәлімгер болғандығы үшін өте ризамын. 

Жаңалықтар
31.05.2023
Haileybury Almaty оқушысы химиядан 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында тамаша нәтиже көрсетті!
Астана қаласында өткен химия пәнінен 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына Қазақстан атынан қатысқан оқушымыз Инсар Имаштың үлкен жетістігімен сізбен бөлісуге асықпыз.
31.05.2023
22 маусымға дейін өтінім беріп, 2023-24 ж. бірінші триместріне мектеп автобусы қызметіне 25% жеңілдік алыңыз.
Сізге арнайы ұсыныс туралы хабарлауға қуаныштымыз: 22.06.2023 жылға дейін өтініш бергендер үшін 2023-2024 оқу жылының бірінші триместрінде көлік қызметіне 25% жеңілдік беріледі.
31.05.2023
2023-2024 оқу жылына мектепалды даярлау сыныбына қабылдау емтиханы, 8 маусым
Haileybury Almaty мектепалды даярлық тобында оқу сіздің балаңыз үшін тамаша бастамажәне ерте жасынан ең жақсы білім алуға мүмкіндік. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, 2023-2024 оқу жылына өтініш қалдырыңыз.

Біз сізге мектебімізбен және біздің барлық ұсыныстарымызбен жақынырақ танысуға көмектесетін веб-сайтымыздағы жаңа мүмкіндікті ұсынуға қуаныштымыз. Сіз мектеп аумағына виртуалды экскурсия жасап, сыныптар мен бөлмелерді көруіңізге және қабылдау процесі туралы толық ақпарат алуыңызға болады.

Біздің мектебіміз несімен ерекшеленетінін түсініп, сіздің балаңыздың білім алуына неліктен ең қолайлы болатынына өзіңіз көз жеткізе аласыз

Сіздерді мектебімізде қарсы алуды асыға күтеміз!

Сандық буклет жасау
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат