HAILEYBURYALMATY АТА АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жылдық есеп (2022-2023)

Haileybury Almaty ата-аналар қауымдастығы (HPA) біздің мектеп қоғамдастығының ажырамас бөлігі болып табылады. Ол біздің оқушыларымыз бен ата-аналарымыздың қайырымдылық іс-шараларына қатысу ниеті мен бірлік сезімін нығайту үшін бар күшін салады. 2022-2023 оқу жылы HPA үшн өте сәтті өтті, өйткені ол көптеген түрлі іс-шараларды ұйымдастыра алды, ал осы іс-шаралар арқасында біздің қоғамдастық бірігіп, қайырымдылық жұмыстарына үлкен үлес қоса алды.
Бұл есепте HPA-ның өткен оқу жылындағы жетістіктері мен нәтижелері туралы ақпарат берілген.
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Қысқы жәрмеңке 2022

Қысқы жәрмеңкенің қорытындысы бойынша НРА-дың, сондай-ақ мектеп Хаустарының арқасында 1 170 000 теңге жиналды. Бұл сома "Солнышко" балалар үйіне берілді, осылайша мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге дайын екенімізді көрсете білдік. Бұл іс-шара мерекелік атмосфераны құрып қана қоймай, біздің қоғамдастыққа игі іс үшін бірігуге мүмкіндік берді.
1 170 000 ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ
ҚОҒАМДЫҚ ІС-ШАРА

Haileybury шаңғы демалысы 2023

Haileybury Almaty және Haileybury Astana мектептері арасында шаңғы және сноуборд жарыстары 4-5 наурызда "Ой-Қарағай" курортында өтті.
Жарысқа әр түрлі жастағы 105 оқушы қатысты. Іс-шараның мақсаты Haileybury ата-аналар қауымдастығының достығын күшейту болды және біз бұл мақсатқа қол жеткіздік деп айта аламыз. Бұл жарыстар Haileybury-дың шынайы рухын көрсетті, бірлікті, спорттық шеберлікті және қоғамдастықтың белсенділігін арттырды. Бұл мектептің оқушылардың жан-жақты дамуына және оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында берік байланыс орнатуға деген ұмтылысын көрсетеді.
ОЙЫН-САУЫҚ ІС-ШАРАСЫ

Ата-аналарға арналған Хаустар арасындағы интеллектуалды ойындар

2022 жылғы желтоқсан
HPA ұйымдастырған интеллектуалды ойындар қайырымдылық акциясынан гөрі "достарды тарту" іс-шарасына айналды. Осы іс-шараның арқасында ата-аналар Haileybury Almaty-да жолдастық рухын сезініп, бір-бірінің білімін тексеріп, қоғамдастық сезімін нығайта алды.
Ата-аналарға арналған Хаустар арасындағы интеллектуалды ойындар
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

"Esentai Gallery-де" өткен өнер аукционы

HPA өнер туындыларының аукционын ұйымдастырды, оның қорытындысы бойынша барлығы 1 325 000 теңге жиналды. Осы соманың 1 150 500 теңгесі Recycle.Birge. экологиялық қозғалысына берілді. Бұл бастама біздің тұрақты дамуға, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ өнердің біздің қоғамдастықтағы рөлін арттыруға деген ұмтылысымызды растайды.
1 325 000 теңге жиналды.
"Esentai Gallery-де" өткен өнер аукционы
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Жазғы бал

Оқу жылындағы ең жарқын оқиғалардың бірі жазғы бал болды, онда рекордтық сома – 25 000 000 теңге – жиналды. Бұл соманың барлығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту орталығына берілді. Бұл маңызды үлес біздің мұқтаж адамдардың өмірін өзгертуге деген ұмтылысымызды көрсетеді.
25 000 000 теңге жиналды

Жыл бойы ата-аналарға арналған көптеген іс-шараларды өткізген тамаша HPA командасына шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Олардың алдағы істеріне сәттілік тілейміз.

2023-2024 оқу жылына жаңа HPA құрамымен таныс болыңыз

Біздің ата-аналар қауымдастығына қосылыңыз!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат