Біз аты аңызға айналған зілтемірші Илья Ильинді Haileybury Astana мектебінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Ол біздің талантты Nomadic Dragons робототехника командасымен танысып, оқушыларымыздың жақында өткен чемпионатта көрсеткен жобаларын тамашалады.
Командамыз Орталық Азия чемпионатына жолдама алды! Илья оқушыларымызға қолдау білдіріп, олардың нағыз мотивация көзіне айналды. Бұл кездесу спорт, ғылым және технология саласындағы жетістіктерге ортақ құштарлықпен өтті.
Жаңалықтар
03.11.2026
Haileybury Astana-дағы Балаларды қорғау жөніндегі конференция
21 қарашада Haileybury Astana-да Балаларды қорғау жөніндегі конференция өтеді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мектеп басшылары, мұғалімдер мен балаларды қорғау мамандары тәжірибе алмасып, мектептерде балаларды қорғау жүйесін нығайтудың практикалық жолдарын талқылайды.
Тіркеу ашық! Орын саны шектеулі!
24.10.2026
«Алтын сақа» математика олимпиадасының жеңімпаздары
Жас математиктерімізді құттықтаймыз! Жақында оқушыларымыз «Алтын сақа» математика олимпиадасының мектеп кезеңіне қатысып, математикалық білімін, логикалық ойлауын және есеп шығару дағдыларын көрсетті.
23.09.2026
Haileybury Day 2026: қауымдастығымызбен бірге шабытқа толы 15 жыл
Биыл Haileybury Day мектеп күнтізбесіндегі жай ғана бір күннен әлдеқайда маңызды болды. Біз Haileybury Astana мектебінің 15 жылдығын, сонымен бірге мектепті бүгінгі деңгейге жеткізген қауымдастықты атап өттік.