Балабақша: мұнда, Haileybury Astana мектебінде, біз дүние жүзі бойынша мойындалған халықаралық мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын (IEYC) қолданамыз, аталған бағдарлама бойынша білім береміз. Берілген білім беру бағдарламасы халықаралық ортада «толыққанды баланың дамуына» қолдау көрсету үшін арнайы әзірленген және бағдарлама балаларға бүкіл өмір жолында білім алу үдерісін дұрыс жолға қою үшін берік іргетас қалауға септігін тигізеді. Тақырыптық әдіспен білім беру оқытудың әрбір бірлігін қызықты орталық тақырып айналасында, мысалы, ғарыштық «Зымыранның іске қосылуы» тақырыбы төңірегінде өткізуге мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп: жалпы бастауыш білім берудің Халықаралық оқыту бағдарламасы (IPC) – бұл жалпылай қамтитын, тақырыптық, шығармашылық білім беру бағдарламасының нақты оқыту үдерісі мен халықаралық ойлау және жеке дара білім алу үшін қажетті білім беру мақсаттары айқын бағдарлама, ол Халықаралық оқыту бағдарламасы (IPC) қарым-қатынасқа, ынтымақтастыққа, көрегенділік пен құрметке, шыдамдылық пен адамгершілікке қатысты жеке мақсаттарға негізделген.
Haileybury Astana мектебінде 1-сыныптың негізгі деңгейінде оқу барысында біздің оқушыларымыз балабақшадан алған мол тәжірибелеріне сүйенеді, сондай-ақ өздерінің әлеуметтік, математикалық және қарым-қатынас жасай білу дағдыларын ойындар және мультисенсорлы білім алу арқылы әрі қарай дамыта түседі. Зерттеу мен практикалық жұмыстарға бағытталған есептеу және санау ойындарына аса зор мән беріледі. Оқушылар дайын болғанына қарай төрттаңбалы сандармен жұмыс істеу барысына жетелейтін анағұрлым күрделі формалды математикалық тұжырымдамалармен таныса бастайды.
Haileybury Astana мектебінде 1-сыныптың негізгі деңгейінде оқу барысында оқушылар балаларға арналған жаһандандық өзекті тақырыптар арқылы қоршаған әлем жайлы толығырақ мәліметтерді біле бастайды, ғылымның түрлі аспектілерін зерттей отырып, тарихпен және географиямен танысады. Дене шынықтыру, музыка, жүзу, қазақ тілі, театр өнері мен би өнері пәндерін жүргізетін пән мұғалімдерінің арқасында Haileybury Astana мектебінің оқушылары білім берудің жайлы ортасында теңгерімді кең ауқымды білім бағдарламасымен таныса алады, бұл өз кезегінде әрбір оқушының дамуына өз септігін тигізеді.
Haileybury Astana мектебінің 2 негізгі деңгейіне көшкеннен кейін, әрбір оқушының жеке білім алуы мен мінез-құлық, тәртібіне жауапкершілікпен қарауына, тәуелсіз, дербес болуына көп көңіл бөліне бастайды. Біз оқушылардың өз жұмыстарына мұқият ден қойып, нәтижесінде өздерінің жасаған жұмыстарымен мақтанатын болады деп сенеміз.
Haileybury Astana мектебінің 2 негізгі деңгейінде біздің оқушыларымыз осыған дейінгі алған білімдерін, дағдыларын дамыта түседі, сонымен қатар оқу мен жазу дағдыларына бағытталған, сондай-ақ тарих пен география пәндерінің аспектілерін қамтитын жаһандық өзекті кіріктірілген тақырыптарды оқып, білім алу арылы өз көзқарастарын кеңейте түседі. Дене шынықтыру, музыка, жүзу, қазақ тілі, театр өнері мен би өнері пәндерін жүргізетін пән мұғалімдерінің арқасында Haileybury Astana мектебінің оқушылары жағымды білім беру ортасында теңдестірілген кең ауқымды білім бағдарламасымен таныса алады, бұл өз кезегінде әрбір оқушының дамуына өз септігін тигізеді.
Ересек мектеп: мұғалімдер таңдау тілі сабақтарынан өзге сабақтардың барлығын ағылшын тілінде жүргізеді. Білім беру бағдарламасы қарқынды әрі жан-жақты, оның құрамына шығармашылық және өндірістік, академиялық бағыттардың барлығы енгізілген. Оған қоса, (CCA) 7–9 сыныптардағы сыныптан тыс жүргізілетін қосымша сабақтардың бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктері, білім алудағы жауапкершілік пен зейіннің артуы ескеріле отырып жасалған. Ол оқушыларға жаңа іс-әрекет пен пәндер бойынша өз қызығушылықтары мен дағдыларын жылдам бағалай алуларына мүмкіндік береді.
Оқушылар Кембридж университеті Халықаралық емтихан Орталығы (CIE) ұсынатын бірнеше пәндер бойынша IGCSE (Халықаралық Орта білім туралы куәлік) /GCSE (орта мектепті аяқтауы туралы куәлік) емтихан тапсырады. Ол сонымен қатар әлем бойынша мектеп жасындағы оқушыларға халықаралық біліктілік ұсынатын ең ірі жеткізуші болып табылады. Екі жылдық курс аяқталғаннан кейін, емтихандарды сәтті тапсырып болған соң, оқушылар білім алудың келесі кезеңіне өтуге дайын екендіктерін білдіретін әрбір пән бойынша халықаралық жарамды болып табылатын куәліктерге қол жеткізеді.
10 және 11 сыныптарда барлығы ағылшын тілін (бірінші немесе екінші тіл ретінде; сонымен қатар ағылшын әдебиеті таңдау пәні болып саналады), математика, жаратылыстану ғылымдары және қазіргі шет тілдері пәндерін оқиды.
Haileybury Astana мектебінің алтыншы негізгі деңгейі болашаққа жол таңдауға қатысты керемет мүмкіндіктер ұсынады. Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы (IB) – бүкіл әлемдік білім ордаларына танылған тамаша біліктілік болып табылады. Көптеген американдық университеттер 16 жас пен 18 жас аралығындағы оқушыларға ұсынылатын осы аталмыш біліктілікке ие болған оқушыларға бірінші оқу жылының бағаларын жарамды деп таниды. Әлемнің және Ұлыбританияның көптеген университеттері Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасын тәмамдаған оқушыларды олардың білім алу және зерттеушілік дағдыларының дамығандығына байланысты жоғары бағалайды, осыған орай қазіргі таңда Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы Ұлыбританияның бірнеше жетекші, үздік мектептерінде оқушыларға ұсынылуда.
Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы – дүние жүзі бойынша жоғары оқу орнына барар алдындағы ең қарқынды дамушы бағдарлама.