Haileybury Astana мектебінің Өнер бөлімі
Haileybury Astana мектебінде біз өнер саласы бойынша білім беру қызметтерінің өте кең спектрін ұсынамыз. Шәкірттер өнер теориясы мен оның тарихын оқумен қатар, келесі дағды түрлерін дамыту мүмкіндігіне ие болады: кенепте сурет салу (майлы және акрил), акварель бояулары, 3D модельдер жасау (гипс, қыш, шыны, металл және карта жасау), тоқыма бұйымдары (қолмен жұмыс жасау дағдылары, мәселен, тоқыма тоқу, бізбен тоқу, иллюстрация және дизайн, сонымен қатар тігін машинасымен тігу), фотосурет, сандық өнер, орнатым және аралас медиа.
Бастауыш сыныптарда оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытуға қажетті дағдылар мен өзіне деген сенімділіктерін қалыптастырады. Бұл британдық оқу бағдарламасына сәйкес келеді, сонымен қатар оқу жоспарының басқа салаларындағы оқытуды толықтыру үшін жан-жақты ойластырылып, жақсы жоспарланған. Әр апта сайын оқушылар арнайы маман-мұғаліммен бір сағаттық сабақ өтеді. Сондай-ақ кескіндеме, сандық өнер және қышпен жұмыс істей білу сияқты бірқатар дағдылар бойынша қосымша сабақтан тыс (CCA) өнер сабақтары да өткізіледі.
Орта мектепте жақсы жоспарланған оқу бағдарламасы оқушылардың көркемдік қабілеттерін бақылап, одан әрі дамыту жұмыстарын жүргізуді жалғастырады. Олар әртүрлі уақытта және әр жерде әртүрлі суретшілер мен дизайнерлерді талдауды үйренеді. Бұған мектептің бастауыш сыныптарында таныс болған тәжірибелі суретшілердің жұмыстарымен қайта танысу, сонымен қатар сабақ жоспарына жаңадан енгізілген суретшілердің кең ауқымы кіреді. Материалдар мен процестердің толық спектрін қолдануға үйретуден басқа, олардың жеке идеялары мен арнайы дағдыларын дамыту бойынша жеке шығармашылық сапарында қолдау көрсетіледі.
10 және 11-сыныптарда оқушылар Pearson Edexcel Art IGCSE бағдарламасы бойынша өнер оқуын жалғастыра алады. Бұл оқушыларға бейнелеу өнері, тоқыма, графикалық коммуникация, 3D зерттеулері немесе фотосурет саласында мамандануға мүмкіндік береді.
12 және 13-сыныптарда өнер бөлімі оқушыларға бейнелеу өнері бойынша Халықаралық бакалавр диплом бағдарламасын (IBDP) ұсынады. Пән бойынша барлық талаптарға сай жабдықталған сынып бөлмелерімізде оқушылардың жеке студия кеңістігі бар және көптеген оқушылар сурет салу сабақтарынан басқа, мектептен кейін немесе демалыс күндерінде осы арнайы жабдықталған кеңістікті пайдалануды ұнатады. Жұмыстың көрнекті әрі жоға сапалы екендігіне оқушы жұмыстарының көрмелері дәлел бола алады. Соңғы уақытта жыл сайын мектеп бітіруші түлектеріміз өнерге қатысты білім алуды әлемнің үздік жоғары оқу орындарының осы салаларында жалғастыруды жиі таңдауда.