Жоғары сыныптарға арналған гранттар 2027-2029

Haileybury Astana жоғары сынып оқушыларына бірнеше білім беру бағытын ұсынады, соның ішінде IB Diploma бағдарламасы және CIS/NEASC аккредиттеуінен өткен Haileybury Global Diploma бағдарламасы. Күшті әрі белсенді Sixth Form оқушыларды британдық, американдық және әлемнің өзге елдеріндегі жетекші университеттерге түсуге дайындайды.

ІВ бағдарламаның мерзімі екі жылды құрайды. Бұл бағдарламаны британдық жетекші оқу орындары да, халықаралық университеттер де жоғары бағалайды, сондай-ақ ол американдық университеттерге өтінім беру кезінде артықшылық береді. 16 жастан асқан оқушылар біздің мұғалімдеріміз қолдау көрсететін және әр кезеңде көмектесетін ІВ бағдарламасына түсе алады.

Біздің Қазақстан халқына бұлжымастығымыздың аясында біз біздің мектепте ақылы оқу мүмкіндігі жоқ Қазақстанның ең үздік оқушыларына 100% мөлшерінде шектеулі шәкіртақы көлемін ұсынамыз.

*Haileybury Astana академиялық стипендия конкурсына өтінімдер тек сыртқы оқушылар үшін қабылданады.

**2027-2029 оқу кезеңіне өтінім қабылдау ашық: Өтінім формасы

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1-кезең: Пәндер бойынша тестілеу (ағылшын тілі, математика, жаратылыстану) – 2026 жылғы 14 қараша, сенбі.

2-кезең: CAT4 – 2026 жылғы 6 желтоқсан.

*Командалық жарыс (күні қосымша хабарланады)

3-кезең: Іріктелген үміткерлермен сұхбаттар (күндері қосымша хабарланады).

4-кезең: Нәтижелер мен қаржылық шолу (күндері қосымша хабарланады).

Грант ұсыну шарттары:

  1. Үміткердің жасы талап етілетін жас санатына сәйкес болуы керек - туған күні: 31/08/2010 – 30/08/2011 
  2. Алдыңғы мектепте жоғары оқу үлгерімі.
  3. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
  4. Ағылшын тілінің деңгейі: Жетік.
  5. Пәндік тестілеуді сәтті тапсыру.
  6. Мектеп басшылығымен әңгімелесуден сәтті өту.
  7. Қажетті қаржылық құжаттарды ұсыну.

Конкурстың өту мерзімі:

Құжаттарды уақытылы тапсырып, іріктеу кезеңінен сәтті өткен үміткерлер мектепте пәндік тестілеуге шақырылады. Тестілеу күні мен уақыты үміткерге кезең басталғанға дейін 10 күн бұрын шақыру хаты арқылы жіберіледі.

Маңызды:

  • Барлық тесттер ағылшын тілінде өткізіледі.
  • Мектеп ешқандай үлгі тесттер немесе сұрақ үлгілерін ұсынбайды.
  • Тест нәтижелері құпия болып табылады және үміткерлерге жеткізілмейді.
  • Үміткерлер тек «Өтті» немесе «Өтпеді» деген хабарлама алады.
Жаңалықтар
17.11.2026
Haileybury Astana-дағы мазмұнды сенбі: олимпиадалар, турнирлер және шәкіртақы сынақтары
Сенбі, 14 қараша күні Haileybury Astana түрлі мектеп оқушыларын біріктірген бірнеше іс-шараға алаң болып, оларға қатысты. STEM олимпиадасынан және шәкіртақы алуға арналған сынақтардан бастап, футзал мен шахмат турнирлеріне дейін – бұл күн жас өспірімдерге білім алуға, бақ сынасуға және командада жұмыс істеуге мүмкіндік берді.
03.11.2026
Haileybury Astana-дағы Балаларды қорғау жөніндегі конференция
21 қарашада Haileybury Astana-да Балаларды қорғау жөніндегі конференция өтеді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мектеп басшылары, мұғалімдер мен балаларды қорғау мамандары тәжірибе алмасып, мектептерде балаларды қорғау жүйесін нығайтудың практикалық жолдарын талқылайды. Тіркеу ашық! Орын саны шектеулі!
24.10.2026
«Алтын сақа» математика олимпиадасының жеңімпаздары
Жас математиктерімізді құттықтаймыз! Жақында оқушыларымыз «Алтын сақа» математика олимпиадасының мектеп кезеңіне қатысып, математикалық білімін, логикалық ойлауын және есеп шығару дағдыларын көрсетті.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат