Емтихан барысы
Түрлі деңгейдегі білім алушыларға сәйкес келетін бағалаудың көптеген түрлері бар – ауызша, курстық жұмыс және практикалық жұмыс. Бұл оқушылардың өз білімдерін көрсету мүмкіндіктерін кеңейтеді, әсіресе олардың бірінші тілі ағылшын тілі болмайтынын ескерсек, бұл зор мүмкіндік екенін жоққа шығара алмаймыз.
Таңдаулар ұсынылған кітапшадағы бағалау бөлімдерін мұқият қарап шығыңыз – өз біліміңізді сынап көріңіз – Бағалауда курстық жұмыс, емтихандар, эсселер немесе қысқа сұрақтар бар ма?
Бағалау
IGCSE емтихандары төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады: G – ең төменгі нәтиже, ал А және A*- ең жоғарғы көрсеткіш балып саналады. Сондықтан сіз ең жоғары бағаны алуға әбден лайықсыз, оған мүмкіндігіңіз толық жетеді. Емтихан тапсырғаннан кейінгі алған кез келген бағаларыңыз сіздің емтиханды тапсырғандыңызды дәлелдейді, көптеген университеттер, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер үшін белгілі бір пәндер бойынша ең төменгі көрсеткіш С және одан жоғары баға болғанын талап етеді.
Біз оқушыларымыздың емтиханнан алар бағаларының ең төмені – С, қалғандары одан жоғары бағаны алады деп сенеміз. Бұл өз алдына мақсат қоя білген кез келген оқушы үшін өте жақсы ынталандырушы күш десек болады. Көптеген оқушылар көрсетілген пәндер бойынша белгіленген осы бағалардан да жоғары бағаларға, яғни А немесе А* ие болып жататындығын ескерткіміз келеді.
10 және 11-сынып оқушыларының барлығы үшін Ағылшын тілі (Бірінші немесе Екінші тіл ретінде; Ағылшын әдебиетін таңдауға да болады), Математика, Ғылым пәндері және Қазіргі шет тілдерінен тапсыруға міндетті. Мектепте оқушылар Қазақ тілінен де білім алады, алған білімдері олардың елдің тілі мен мәдениетін бағалауға көмектеседі және болашақ жаһандық азамат ретінде дайындайды деп күтілуде.