Haileybury Astana-да балалардың әл-ауқаты мен қорғалуы

"Haileybury Astana мектебінде шәкірттердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бірінші кезектегі маңыздылыққа ие. Біз әр баланы қауіпсіз және қамқор ортамен қамтамасыз етуге, сонымен қатар алаңсыз білім алып, өсіп-өркендеуге жағдай тудыра отырып, өз міндеттерімізді бұлжытпай орындауға зор жауапкершілікпен қараймыз."

Haileybury Astana-да балалардың әл-ауқаты мен қорғалуы

Haileybury Astana өзінің балаларды қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелеріне жоғары байыппен қарайды. Мұндай міндеттерде баланы жаман ортадан қорғау, денсаулығының немесе даму деңгейінің нашарлауына жол бермеу, балаларға қауіпсіздік пен қамқорлыққа толы жағдайларды жасау, балалардың ең жоғары нәтижелерге жетуі үшін шара қабылдау жатады.

Біз балалардың және қауымдастықтың барлық мүшелерінің пікіріне ерекше көңіл бөлеміз – бұл балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды болып табылады. Мектеп мәселені уақтылы көтерген жағдайда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады деген пікірге нық сенеді.

Ересектердің барлығы, оған қоса Хаустар мұғалімдері, кураторлары, жетекшілері, әкімшілік қызметкерлер, еріктілер, уақытша қызметкерлер мен қамқоршылар біздің оқушыларымызды зияннан қорғауда белсенді рөл атқарады, және біз оқушыларымыздың әл-ауқатының бірінші орында тұрған міндет болып табылатынын түсінеміз.

Haileybury Astana барлық қызметкерлері әр баланың әлеуметтік, дене және психологиялық дамуына жағдай жасайтын қамқоршыл, позитивті, қауіпсіз және уәждемелі  ортаны қамтамасыз етуге міндеттенеді. Haileybury Astana мектебі қорғалуы қамтамасыз етілген балалардың оқуда көп жетістікке жететініне нық сенеді.

Tootoot - жаңа қауіпсіздік платформасы

Haileybury Astana-да әрбір баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты үлкен маңыздылыққа ие. Оқушылардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тұрақты миссиямыздың бір бөлігі ретінде мектепте Toot Toot қолданбасын енгізетінін хабарлаймыз.

Toot Toot - оқушылардың буллингтен бастап менталды денсаулыққа қатысты уайымдарын конфиденциальды түрде жоғарғы өкілдерге жеткізе алатын жаһандық қолданба.

, Мектеп директорының орынбасары / Тағайындалған қауіпсіздік жөніндегі басқару тобы (DSL)
Инна Акопян
Мектеп директорының орынбасары / Тағайындалған қауіпсіздік жөніндегі басқару тобы (DSL)
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат