Біз оқушыларды конкурстық негізде қабылдаймыз және олардан IGCSE және IB емтихандар бойынша жоғары нәтижелер күтеміз.
Бұл үйірмелерге қатысу оқушыларды дамытуға мүмкіндік береді, әлеуметтік жауапкершілік сезімін нығайтады, командалық рухты дамытады, сенімділікті арттырады және болашақ өмірінде осы күрделі әлемде жол көрсететін құндылықтарды дамытады.
Haileybury жоғары сапалы тәрбие жұмысын жүргізеді. Қолайлы орта Haileybury оқушыларының ерекшеліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Біздің мақсатымыз - біздің ұлдар мен қыздарымызды Haileybury мектебін бітіргеннен соң бәсекелі жаһандық еңбек нарығында табысқа жету үшін қажет өмірлік дағдылар мен академиялық біліммен толыққанды қамтамасыз ету. Олар мектепті сана-сезімі жетілген, жетістіктерімен мақтана алатын және басқаларға жанашыр бола алатын тұлғалар ретінде бітіреді деп үміттенеміз.
Мектеп Haileybury UK және Haileybury Almaty мектептерімен тығыз қарым-қатынаста болғандығын жоғары бағалайды және олардың дәстүрлері мен құндылықтарын ұстанады. Біз Нұр-Сұлтандағы жергілікті қауымдастықтың игілігіне жұмыс атқаруға қуаныштымыз.
Vivat Haileyburia!
Джон Коулс
Haileybury Astana директоры