Ұлыбританияның Haileybury тарихы

Империя дәуірінің ең алғашқы күндерінен бастап оның қазіргі жылдам өзгеріп жатқан ғаламдық экономикадағы рөліне дейін Haileybury және біздің оқушыларымыз біздің бүгін білетін әлемімізді қалыптастыруға көмектеседі.

Басталуы

1855 жылы Ост-Үнді компаниясын Хейлиберидегі Колледжді қамтамасыз ету міндетінен босатқан Парламент актісі қабылданды.

Ост-Үнді колледжі бұл жерде 1806 жылдан бастап жұмыс жасай бастады, бірақ Акт ережелеріне сәйкес ол 1858 жылға дейін бірдола жабылуға тиіс болатын.

1862 жылы тура сол жерде тәуелсіз жеке меншік мектеп ретінде жаңа Haileybury колледжі пайда болды.

Әлемді қалыптастыру жолында

Оқушылар өз мансаптарын Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл әлем бойынша да жалғастырып әкетті.

Кейбірі өз мамандығының шыңына жетті. Олар сахнада, музыкада, кинода, спортта және әдебиетте жетістікке жетті. Олар ғылым мен медицинадағы кедергілерді бұзды. Олар құрлықта да, теңізде де, әуеде де өз еліне қызмет етті.

Олардың бірі қазіргі кезде Ұлыбританияның беделді Премьер-министрі болды. Клемент Эттли жаппай әл-ауқат мемлекетін құрды және мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін әлемдегі ең үздік жүйеге айналдырды.

Құлшылық етудің маңыздылығы

Басқаларға көмек көрсету – бұл Haileybury мектебі рухының басты элементі. 1860 жылдардан бастап біздің оқушыларымыз өздерінің моральдық бағыттылығымен және құлшылыққа адалдығымен ерекшеленіп келеді. 

Қазіргі әлем қатты өзгерді, бірақ Haileybury оқушылары әлемді қалыптастыруды және оны жетілдіруді әлі де жалғастырып келеді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат

Қазіргі таңда мектеп жазғы демалысқа байланысты жабық болады. Мектепке қабылдану туралы толық ақпаратты біздің сайтымыздың «Мектепке қабылдану» бөлімінен таба аласыз. Сіздерге біздің мектебімізді онлайн режімде аралап шығуды ұсынамыз:

Егер сіздің қандай да бір сұрақтарыңыз болса, мектепке қабылдану туралы өтінім бергіңіз келсе, оқушыларды Мектепке қабылдау бөлімімен мына адрес бойынша admissions@haileyburyastana.kz хабарласуыңызды өтінеміз. WhatsApp + 7 777 522 45 15 нөміріне жазыңыз немесе +7 7172 55 98 55 нөмірі бойынша телефон соғыңыз.

Біз сіздермен кездесуді асыға күтеміз!