Халықаралық IB диплом бағдарламасы (IBDP)

Экономикалық жағдай өзгеріп отырған және нақты болжауға болмайтын қазіргі әлемде болашақ ұрпақтың болашақ өмірге дайын болуы, икемді болуы және болашақ нарықтың шапшаңдығына бейімделуі маңызды.

International Baccalaureate ұйымы мәдениетаралық түсіністік пен өзара құрмет арқылы бейбіт әрі үйлесімді әлем құруға үлес қоса алатын білімді, ізденімпаз және жанашыр жастарды тәрбиелеуді мақсат етеді.

IB Diploma Programme (IBDP) - 16-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған әлемдегі ең беделді халықаралық білім беру бағдарламаларының бірі. Бағдарлама академиялық тұрғыдан мықты, тәуелсіз ойлайтын және жаһандық қоғамда табысты өмір сүруге дайын жауапты тұлғаларды қалыптастырады.

Бағдарламаның негізінде сыни ойлау, интеллектуалдық тәуелсіздік және заманауи өзара байланысқан әлемде сенімді бағдар табу қабілетін дамыту жатыр. IBDP оқушыларға терең білім беріп қана қоймай, зерттеу, талдау, коммуникация және саналы шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Бағдарлама академиялық тереңдікті кең дүниетаныммен үйлестіре отырып, түрлі пәндерге, мәдениеттерге және халықаралық көзқарастарға қызығушылықты дамытады.


Diploma Programme оқу жоспары

IBDP - екі жылдық академиялық бағдарлама. Оның аясында оқушылар алты түрлі пәндік топтан таңдалған алты пәнді оқиды. Оқушылар:

үш пәнді тереңдетілген деңгейде (Higher Level, HL)

үш пәнді стандартты деңгейде (Standard Level, SL)

меңгереді. Мұндай құрылым академиялық дайындықтың кеңдігі мен тереңдігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, оқушылардың негізгі білімін де, жеке академиялық қызығушылықтарын да дамытуға мүмкіндік береді. Әр пән 1-ден 7 балға дейін бағаланады. Алты пән бойынша ең жоғары нәтиже - 42 балл.

IB Core - бағдарламаның өзегі

Академиялық пәндерден бөлек, барлық оқушылар IB Core компонентінен өтеді. Бұл - білімді сыныптан тыс ортада қолдану қабілетін дамытатын және оқушының жан-жақты қалыптасуына ықпал ететін бағдарламаның маңызды бөлігі. IB Core үш компоненттен тұрады:

Theory of Knowledge (TOK) - Таным теориясы

Оқушыларға білімнің табиғаты туралы ойлануға, ақпаратты сыни тұрғыдан талдауға және әлем туралы түсініктің қалай қалыптасатынын ұғынуға көмектесетін курс.

Extended Essay (EE) - Кеңейтілген эссе

Академиялық жазу, талдау және дербес зерттеу жүргізу дағдыларын дамытатын көлемді зерттеу жұмысы.

CAS (Creativity, Activity, Service)

Шығармашылық, физикалық белсенділік және қоғамдық қызмет арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған бағдарлама.

IB Core компоненті үшін оқушылар қосымша 3 баллға дейін ала алады. Осылайша, IB Diploma бағдарламасы бойынша ең жоғары нәтиже 45 баллды құрайды.

Академиялық дайындық пен тұлғалық дамудың үйлесімі IB түлектерін әлем университеттері жоғары бағалайтын басты себептердің бірі болып табылады.

IB оқушысының профилі

IB философиясының негізінде оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту идеясы жатыр. IB оқушысының профилі келесі қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған: ізденімпаз, білімді, ойшыл, қарым-қатынас жасай алатын, принципшіл, ашық көзқарасты, қамқор, батыл, жан-жақты дамыған, рефлексия жасай алатын.

IB білімі жоғары академиялық нәтижелерге ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық жетілуге, жауапкершілікке және қоршаған ортаға құрметпен қарауға ықпал етеді.

IB оқушылары халықаралық ортада табысты өмір сүруге дайын, сенімді, дербес және әлеуметтік жауапты тұлға ретінде қалыптасады.

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасының (IBDP) қандай артықшылықтары бар?

Біздің мектебіміздің түлектері Оксбридж және Russell Group институттарына, сонымен қатар АҚШ-дағы Ivy League университеттеріне қабылданды.
БАРЛЫҚ КЕЗДЕГІ УНИВЕРСИТЕТ БАҒЫТТАРЫ

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағдарламаның ортасында пәндерді ауыстыра аламын ба?

Студенттерге пән таңдауын 12-ші сыныптың бірінші жартыжылдығында өзгертуге рұқсат беріледі. Осыған дейін тым көп мазмұн қамтылып қойғандықтан, оқушылар мен мұғалімдерге жаңа пәндер бойынша материалдарды оқып үлгеру өте көп жұмыс болады.

ХБ Дипломына ие болу үшін студент қанша ұпай жинауы тиіс?

ХБДБ-на үшін өту ұпайы барлығы 24 баллды құрайды және барлық пәндер бойынша кем дегенде өту деңгейіне жетуі керек. ХБДБ-нан сәтті өту үшін барлық студенттер IB Core-ның барлық үш тізбегін де аяқтауы керек екендігі айқын болуы керек.

ХБ орташа ұпайы қандай?

Халықаралық бакалавриат курсының орташа ұпайы -  37.5. және ХБ-ның ең жоғары ұпайы - 43.

Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасын оқыған студенттердің осы курс бойынша білім алмаған оқушылармен салыстырғанда қандай артықшылықтарға ие?

Халықаралық бакалавриат Диплом бағдарламасы курсы - бұл халықаралық деңгейде танымал және жоғары оқу орындарында ерекше бағаланатын мектеп біліктілігі. Курстың біртұтас сипатта оқытылуына байланысты барлық ХБДП түлектері мектепті шын мәнінде жаһандық деңгейде ойлайтын, жоғары білім мен жұмыс әлеміне қажетті дағдылары бар азаматтар ретінде бітіріп шығады.

ХБ мақсаты «халықаралық мәдени түсіністік пен сыйластық арқылы жақсы және бейбіт әлем құруға көмектесетін ізденімпаз, білімді және қамқор жастарды дамыту» болып табылады. Бұл нәтижеге академиялық қатаңдық пен IB Core бағдарламасын аяқтау арқылы қол жеткізеді, сол арқылы студенттер қызмет көрсету және қоғамға, сонымен қатар бүкіл әлемге қамқор болудың жағымды әсеріне ие болады.

Халықаралық бакалавриат пен A-level курстарының арасындағы басты айырмашылық неде?

A- Level курсы дискретті болып келеді, ал ХБ (халықаралық бакалавриат) дипломы біртұтас сипатта болады. A- Level курсының студенттері бір-біріне қатысы жоқ жеке пәндерді оқиды. ХБ дипломы кең, жақсы жоспарланған және баланы жан-жақты дамытуға бағытталған. Мысалы, ХБДБ бойынша студенттер келесі бағыттар бойынша дағдыларын дамытады:


Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасын аяқтаған студенттер даярлау бағдарламасын оқуға міндетті ме?

Қысқа жауабымыз ЖОҚ болмақ. Алайда бейнелеу өнері / графикалық дизайн саласында білім алғысы келетін студенттерге арналған ескеретін кейбір ерекшеліктер бар. Университет деңгейінде оқытылатын кейбір курстар студенттердің орта біліміне қарамастан, іргетас курсынан өтуді талап етеді.

Халықаралық Бакалавриат емтиханын шетелдік мектептерде емес, не себепті Haileybury Astana мектебінде тапсыру тиімді?

Haileybury Astana мектебінің IBDP студенттері келесі мүмкіндіктерге ие болады.


Haileybury Astana мектебі Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасына шәкіртақы ұсына ма?

Иә! Әрбір жылы Қазақстанның талантты әрі дарынды оқушыларын тауып, Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы бойынша тегін білім алуы үшін арнайы іс-шара өткіземіз. Толығырақ ақпарат алу үшін мектептің қабылдау бөлімімен хабарласыңыз.

Жаңалықтар
12.05.2026
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын
Haileybury Astana мектебінде біз өзара құрмет пен мәдени әртүрлілікке негізделген ортаны жоғары бағалаймыз. Мереке қарсаңында мектепте барлығын біріктірген жарқын Unity Day өтті Оқушылар әлемнің түрлі елдерінен музыка мен билер ұсынылған концерт дайындап, кейін мәдени жәрмеңкеде әртүрлі халықтардың дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және ұлттық тағамдарын таныстырды
12.05.2026
Haileybury Astana мектебінің Nomadic Dragons командасы әлемдік аренада Қазақстанның мақтанышы!
Команда FIRST робототехника бойынша әлем чемпионатының ширек финалына өтіп, өз дивизионында топ-4 альянс қатарына енген жалғыз қазақстандық команда атанды.
12.05.2026
DeepSeekers командасы Хьюстон қаласында өткен FIRST LEGO League World Festival жарысында ең беделді марапаттардың бірі
DeepSeekers командасы Хьюстон қаласында өткен FIRST LEGO League World Festival жарысында ең беделді марапаттардың бірі - Team Model Award жүлдесін жеңіп алды. Фестиваль 6-18 жас аралығындағы 50 000-нан астам қатысушыны және 100-ден аса елді біріктіріп, инновация, робототехника және STEM-білім беру саласындағы әлемдік алаңға айналды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат