13 жастағы балаларға арналған оқу Гранты 2026-2030 оқу жылы

13 жастағы балаларға арналған оқу Гранты 2026-2030 оқу кезеңіне

Haileybury Astana академиялық стипендия конкурсына өтінімдер тек сыртқы оқушылар үшін қабылданады.

2026-2030 оқу кезеңіне өтінім қабылдау үдерісі аяқталды.

2027-2031 оқу кезеңіне өтінім қабылдау кейінірек ашылады. Қабылдаудың басталуы туралы ақпарат осы бетте қосымша жарияланады.

2026-2030 оқу кезеңіне қабылдау критерийлері:

Бұл гранттар дарынды оқушыларға Haileybury Astana мектебінде білім алуға мүмкіндік береді.

Конкурс кезеңдері (қысқаша):
• Бейнеөтінім - 21 қаңтар - 20 ақпан 2026 ж.
• Пәндік тестілеу (Math, English, Science) - 28 ақпан 2026 ж.
• CAT4 тесті - 15 наурыз 2026 ж.
• Сұхбат - 8-9 сәуір 2026 ж.
• Қаржылық кезең - 24 сәуір - 22 мамыр 2026 ж.

Кімдер қатыса алады:
• Қазақстан Республикасының азаматтары
• Жоғары академиялық көрсеткіштер
• Ағылшын тілі деңгейі - Upper Intermediate
• Туған күні: 01.09.2012 - 31.08.2013

Барлық үміткерлер алдымен өтінім формасын толтыруы тиіс.
Іріктеуден өткен қатысушылар ғана ағылшын тілінде 1 минуттық бейнежазба тапсыруға шақырылады.

Маңызды:
Конкурс тек Haileybury мектебінде оқымайтын балаларға арналған.
Қатысушылардың жеткілікті саны жиналған жағдайда, тіркеу мерзімінен бұрын жабылады.

  • Барлық тесттер ағылшын тілінде өткізіледі.
  • Мектеп ешқандай үлгі тесттер немесе сұрақ үлгілерін ұсынбайды.
  • Тест нәтижелері құпия болып табылады және үміткерлерге жеткізілмейді.
  • Үміткерлер тек «Өтті» немесе «Өтпеді» деген хабарлама алады.
Жаңалықтар
03.11.2026
Haileybury Astana-дағы Балаларды қорғау жөніндегі конференция
21 қарашада Haileybury Astana-да Балаларды қорғау жөніндегі конференция өтеді. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар, мектеп басшылары, мұғалімдер мен балаларды қорғау мамандары тәжірибе алмасып, мектептерде балаларды қорғау жүйесін нығайтудың практикалық жолдарын талқылайды. Тіркеу ашық! Орын саны шектеулі!
24.10.2026
«Алтын сақа» математика олимпиадасының жеңімпаздары
Жас математиктерімізді құттықтаймыз! Жақында оқушыларымыз «Алтын сақа» математика олимпиадасының мектеп кезеңіне қатысып, математикалық білімін, логикалық ойлауын және есеп шығару дағдыларын көрсетті.
23.09.2026
Haileybury Day 2026: қауымдастығымызбен бірге шабытқа толы 15 жыл
Биыл Haileybury Day мектеп күнтізбесіндегі жай ғана бір күннен әлдеқайда маңызды болды. Біз Haileybury Astana мектебінің 15 жылдығын, сонымен бірге мектепті бүгінгі деңгейге жеткізген қауымдастықты атап өттік.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат