Haileybury Astana балабақшасы – сіздің балаңыздың білім алуына тиімді бастау.

Haileybury Astana мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әлем мойындаған Халықаралық оқу бағдарламасын басшылыққа алады. Бұл оқу жоспары баланың кешенді дамуын қолдауға арналған.

Біздің біліктілігі жоғары мен тәжірибесі мол мұғалімдеріміз оқу бағдарламасын ағылшын тілінде жүргізеді және Haileybury Astana-да мұғалімдер мен оқушылардың ара қатынасы  жоғары болып табылады. Біздің жергілікті мұғалімдеріміз ағылшын, қазақ және орыс тілінде сөйлейді, сондықтан барлық балалардың оқу мүмкіндігі кең.  

Біздің орынжайларымыз арнайы жоба бойынша салынған және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу үшін барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, балалар өздерін ыңғайлы және қауіпсіз сезінетін ынталандырушы және шабыттандырушы ахуал орнатылған.

Әрбір тақырып балалардың жоғары қызығушылығын оятатындай және оларды оқытудың барлық аспектілеріне белсенді қатысуға ынталандыратындай мұқият іріктеп алынған және жоспарланған. 

Біз мектеп жасына дейінгі балаларға арналған Халықаралық оқу бағдарламасын (IEYC) пайдалануды шештік, себебі ол балаларға одан әрі білім алуға берік негіз береді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат