Haileybury Astana мектебіндегі қысқы лагерь
Біз 2-8 жас аралығындағы балаларға арналған қысқы лагерьдің күн сайын сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, 19-29 желтоқсан аралығында өтетінін қуана хабарлаймыз. Лагерь көңілді және танымдық іс-шараларға толы болады.
Сиқырлы мектеп лагерінде бір апта уақытты бірге өткізу үшін бізге қосылыңыз! Біз лагерьдің алғашқы күнін «кітап кейіпкерлері» апталығынан бастаймыз, яғни бұл шығармашылықтың әдебиетпен кездесетіндігін білдіреді. Сіздің балаңыз өз қолымен костюмдер жасап, киноматографияның ғажайыптарын зерттейді, сүйікті кейіпкерлерінің шеруіне қатысады және әдеби тақырыпқа арналған би кешіне қатысады.
Біз ұсынатын қызықтар мұнымен бітпейді, әрине! Жаңа жылдық шырша апталығын біз мерекелік көңіл-күймен атап өтеміз. Сіздің балаңыз керемет шырша жасау, ерекше әшекейлерді сәндеумен айналыса отырып, аспаздық және көркем туындыларды тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Қорытындылай келе, біз бала жадында мәңгіге сақталып қалатын естен кетпес жаңа жылдық кеш өткіземіз.
Лагерь болатын екі апта уақыт ұмытылмас естеліктерге, сондай-ақ шығармашылық пен мереке маусымын қуанышпен өткізуге деген терең сүйіспеншілік сезімдерге толы болатындығына уәде береміз. Осындай бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Лагерьдің құны аптасына 100 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылғанын естеріңізге саламыз: екінші бала үшін 10% және үшінші бала үшін 15%.
Салауатты таңғы ас, түскі ас және жеңіл тағамдар лагерь құнына кіреді. Орын саны шектеулі екенін және тіркеу кезек тәртібімен жүргізілетінін ескеруіңізді сұраймыз.
Лагерьде өткізілетін іс-шаралар:
- Ағылшын тілі
- Өнер және қолөнер шеберлігі
- Музыка және би
- Жүзу
- Кино күні
- Аниматорлар шоуы