Балаларды қорғау конференциясының негізгі қорытындылары.

Балалар қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз. 

21 қарашада Haileybury Astana мектебінде өткен Keeping Children Safe конференциясында 100-ден астам сарапшы, педагог, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің өкілдері бас қосты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қатысты. Осы күні мазмұнды әңгімелер өрбіп, қатысушылар тәжірибе алмасып, балаларды қорғау, инклюзия және әр бала үшін қауіпсіз орта қалыптастыру жөнінде жаңа көзқарастармен бөлісті.

Іcіне жанашыр осындай қауымдастықты біріктіріп, білім бөлісіп, балалар қауіпсіздігі жолындағы ортақ ұмтылысымызды нығайта түскенімізді мақтан тұтамыз.

Осы күнді ерекше етуге үлес қосқан барлық спикерлерге, серіктестерімізге және қатысушыларға үлкен рақмет!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат