Haileybury Astana мектебінің Nomadic Dragons командасы әлемдік аренада Қазақстанның мақтанышы!

 

Haileybury Astana мектебінің Nomadic Dragons командасы әлемдік аренада Қазақстанның мақтанышы!Команда FIRST робототехника бойынша әлем чемпионатының ширек финалына өтіп, өз дивизионында топ-4 альянс қатарына енген жалғыз қазақстандық команда атанды. Бұл олар үшін алғашқы қатысу болғанына қарамастан, шын мәнінде тарихи жетістік! Жалпы алғанда, Қазақстан құрамасы Хьюстонда өткен әлем чемпионатында 12 жүлде жеңіп алды. Жарыс George R. Brown Convention Center орталығында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушыны жинады. Қазақстан атынан рекордтық делегация, 225 оқушы қатысты. Біздің оқушылар барлық санаттар бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, мықты дайындықтары мен әлеуетін дәлелдеді. Оқушыларымызбен мақтанамыз және оларды қолдаймыз! Жаңа жеңістерге алға!

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат