Мәдениеттердің кездесуі: MIT студенттері Haileybury Astana-да

Қызықты саяхатқа аттануға дайын Юнис және Джейсонды қарсы алыңыздар, олар Массачусетс Технологиялық Институтының (МІТ) талантты студенттері.

Олардың Қазақстандағы Haileybury Astana келуі тек қарапайым саяхат емес, бірегей білім және мәдени алмасу болғалы отыр.

Барлығына сәлем! Менің есімім – Юнис, мен Массачусетс Технологиялық Институтыныңекінші курс студентімін, мұнда қала құрылысы және конмпьютерлік ғылымдарды оқимын. Бос уақытымда кітап оқығанды, жазғанды және тамақ әзірлегенді ұнатамын.

Осы саяхатта Пенсильваниядағы МІТ үшінші курс студенті Джейсон менімен бірге болады. Ол компьютерлік ғылымдар және матетатика мамандығында оқиды. Бос уақытында ойындар ойнағанды және жаңа дүниелерді үйренгенді ұнатады.

Біз екеуіміз Haileybury Astana барып, жоғарғы сынып оқушылары үшін сабақ өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл оқушылармен бірлесіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді және олардың ғылым, технология, инженерия мен математика (STEM) салаларына деген қызығушылықтарын ояту біз үшін аса маңызды.

Бұл сапар тек білім беруге бағытталмаған. Сонымен қатар біз Қазақстан туралы, оның мәдениеті мен адамдары туралы көбірек білу мүмкіндігін асыға күтудеміз. Осы сапар біз үшін де, Haileybury Astana оқушылары үшін де бай тәжірибе болатынына сенімдіміз.

Бұл саяхат – академиялық өсуге қадам бола отырып, мәдени алмасу мен өзара түсінісудің үлкен мүмкіндігі болмақ. Haileybury Astana оқушыларын STEM-пәндерін оқуға шабыттандырамыз деген үміттеміз, есесіне Қазақстанның мәдениетін терең түсініп, бағалай аламыз.

Осы бірегей мәдени алмасудағы біздің сабақтарымыздың, әсерлеріміздің және жаңалықтарымыздан хабарлар болыңыздар. Саяхатымызды сіздермен бөлісуді асыға күтудеміз.

Юнис және Джейсон

Жаңалықтар
08.05.2024
Кіші сынып оқушылары тұрақтылықтың инновациялық көрмесінде жарқырады
Шығармашылық пен тұрақтылықтың жаһандық күш-жігеріне берілгендіктің белгісі ретінде бастауыш сынып оқушылары жақында тұрақтылықтың тағы бір сәтті көрмесін өткізді.
06.05.2024
Haileybury Hawks Таиландтағы U11 Primary FOBISIA Games-те жүлделі орындар алды
Haileybury Hawks 25-29 сәуір аралығында Таиландта өткен U11 Primary FOBISIA Games-те дарыны мен спорттық рухын танытып, үздік нәтиже көрсетті.
05.05.2024
Haileybury Astana-да Ұлыбритания түлектері үшін тамаша мүмкіндік
Біз Ұлыбритания оқу орындарының түлектерін 2024 жылдың 30 мамыры күні Haileybury Astana Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігімен, Британия Кеңесімен және Британия Сауда және Өнеркәсіп Палатасымен бірлесіп ұйымдастырып жатқан алдағы іс-шараға қуана-қуана шақырамыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат