Haileybury Astana мектебіндегі STEAM+ – бұл көпсалалы, пәнаралық пән, ол ғылым, технология, инженерия, өнер және математика негіздерін пайдалана отырып, оқушыларға STEAM құрамына енетін пәндер бойынша ғана емес, сонымен қатар кейінгі болашақ өмірде де  басқа мектеп пәндерге қатысты ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

STEAM+ мақсаты - Haileybury оқушыларына (STEAM пәндерінің аясында және одан тыс) меңгерген машықтарын басқа пәндерде пайдалануға және оларды белгілі бір нақты жобаны жүзеге асыруда қолдануға мүмкіндік беру. Оқушылардың қазіргі уақытта орындап жүрген жұмыстары біршама нұсқаулық сипатта болғанымен, олардың дағдылары мен өзіне деген сенімі артқан сайын, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындауда және алға қойған мақсаттарына қол жеткізуде анағұрлым шығармашылықпен қарай бастайды деп сенеміз. Бұл өз кезегінде олардың бойындағы іскерлік машықтарын дамытуға түрткі болуы тиіс.

Оқушыларға арналған STEAM жобалары

Қысқы демалысқа дейін оқушылар робототехникамен және бағдарламалаумен, сонымен қатар тақырыптық саябақтарды жобалаумен айналысады. Одан кейін олар су сақтау ыдыстарын жасап, кеуекті материалдардың көмегімен қанша мөлшерде су сыйғызуға болатынын анықтайды. Мерекеден кейін оқушылар «Makeable» байқауына қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 3D принтер өнімдерін шығарады.

Оқушыларды мансапқа дайындау үшін STEAM-ді пайдалану

STEAM тәсілі Халықаралық бакалавриат білім алушы профилінің көптеген аспектілерінде қамтылуы мүмкін. Басқа қасиеттермен қатар оқушылар алдын-ала жоспарланған тәуекел істерді жүзеге асырып, орындалған іс-әрекеттің нәтижелерін сараптайды. Олар қарым-қатынас дағдыларын дамыту мақсатында топпен жұмыс істейді, сонымен қатар өзге адамдармен идея бөлісіп, тың көзқарас пен шынайы сын күтеді. Haileybury мектебінде біз Халықаралық бакалавриат оқушысы мінездемесімен үйлесетін кейбір STEAM «Ақыл-ой әдеттерін» әзірлеп шығардық, ал Haileybury «Әдеттері» мен жобалары оларды қамтуға, жүзеге асыру үшін даярланады.

STEAM әдісінің білім берудегі артықшылықтары

Алғашқы STEAM олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл ғылыми сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты.
STEAM олимпиадасы

STEAM мұғалімдері

Шығармашылық өнер бөлімінің меңгерушісі Синклэр мырза. Ол заман ағымына қарсы келмейтін, керісінше сәйкес келетін инновациялық оқу жоспарын құруға құмар, арман-қиялы бай жаңашыл мұғалім.

STEAM мұғалімі - бұрын инженер болғанына қарамастан, соңғы  15 жылын мұғалімдік жұмысқа арнаған Молино мырза. Ол заманауи инновацияларды, сонымен қатар оқушылардың жұмыспен біте қайнасып, қызу іспен шұғылданып жатқандарын бақылауды жан-тәнімен жақсы көреді.

Соңғы 5 жыл бойы ол Біріккен Араб Әмірліктерінде сабақ беріп, биылғы оқу жылында отбасымен Қазақстанға көшіп келді. Ол әуелі инженер болды, содан кейін әртүрлі темір бөлшектерін қарастырып, құрастыруды жақсы көретіндіктен дизайн/инженирг мұғалімі қызметіне ауысты.

, Орындаушылық өнер факультетінің басшысы
Юэн Синклер
Орындаушылық өнер факультетінің басшысы

Тeл: +7 7172 55 98 55

e.sinclair@haileyburyastana.kz

, STEAM мұғалімі
Марк Молинье
STEAM мұғалімі

Тeл: + 7 7172 55 98 55

m.molyneux@haileyburyastana.kz

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат