Haileybury Astana студенті FOBISIA «Перспективалар» өнер байқауында бірінші орын алды

Haileybury Astana студенті FOBISIA «Перспективалар» өнер байқауында бірінші орын алды

10-ші класс оқушысы Бақашарды Малайзиядағы @ ParkCity халықаралық мектебі ұйымдастырған FOBISIA “Перспективалар” Халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алуымен құттықтаймыз!

Биылғы жылы 31 қатысушы мектеп “Перспективадағы кеңістіктер” бейнелеу өнері байқауына қатысты. Байқауда оқушылар өздері таңдаған ішкі немесе сыртқы кеңістікті салу үшін үш өлшемді сурет салу және көлеңкелеу әдістерін қолдануға тырысты. Ұйымдастырушылар 291 көркем шығармаларды қарап, 10-шы класстар арасында бірінші орынды оқушымызға бергені үшін қуаныштымыз.

Осы жазда Haileybury Astana Азиядағы Британдық Халықаралық Мектептер Қорының (FOBISIA) мүшесі атанды. Біздің ойымызша, бұл мүшелік оқушыларға бүкіл Азия бойынша басқа 94 қатысушы мектептің оқушыларымен араласуға және бәсекелесуге керемет мүмкіндік береді.

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат