Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы түлектерін құттықтаймыз!

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы түлектерін құттықтаймыз!

Ағымдағы оқу жылында Халықаралық Бакалавриат диплом бағдарламасы бөлімінің шәкірттері емтихан көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге  қол жеткізді.

Мектебіміздің Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасының орташа  емтихан көрсеткіші 36.1 ұпай, бұл көрсеткіш әлем мектептерінің алған     31.98 орташа ұпайынан әлдеқайда жоғары, мектеп оқушыларының 29%—ы 39 және одан жоғары  ұпайға  қол жеткізді! Бұл биылғы мектеп бітіруші түлектеріміз үшін керемет  нәтиже болып  табылады.  

Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы оқушылар үшін әлемнің ең алдыңғы қатарлы, ең үздік жоғары оқу орындарына түсіп, білім алуларына мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Біз мектеп бітіруші түлектерімізді және олардың қол жеткізген нәтижелерін мақтан тұтамыз!

Мектеп оқушылары мен ата-аналарының атынан Haileybury Astana мектебінің ұстаздар ұжымына, Халықаралық Бакалавриат  бөлімінің  үйлестірушілері мен жоғары оқу  орнына түсу бойынша  кеңесшіге Халықаралық Бакалавриат Диплом  бағдарламасы курсында білім алған әрбір шәкіртке орасан зор қолдау көрсетіп, аса құнды кеңес бере білгендері үшін алғыс айтамыз!

Жаңалықтар
25.05.2023
Қоқыс Жинау Күні (Сенбілік)
Сіздерді «Жасыл Астана» көктемгі экологиялық айлығының аясында өтетін қоқыс жинау күніне (сенбілікке) шақырамыз.
24.05.2023
Сандық Медиа Лагері
Haileybury Astana 8-12 жас аралығындағы балаларға арналған бірегей 3 апталық бағдарлама Digital Media Camp-ті қуана ұсынады.
24.05.2023
Dress to Express Day
This week at Haileybury Astana we are running Mental Health Awareness Week. This weeks focus being on anxiety and effective coping strategies. In order to address these issues we have come up with various activities, lessons and activities designed to reduce stress, improve self-esteem as well as enable our pupils to interact with oneself and their environment without having to verbally communicate.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат