12-сынып оқушыларын IGCSE куәлігін алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

12-сынып оқушыларын IGCSE куәлігін алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

IGCSE — Халықаралық орта білім туралы куәлік деген атаудың қысқартылған түрі және Орта білім туралы куәлік (GCSE) алуға бағытталған емтиханның халықаралық нұсқасы, Ұлыбритания мектептерінің 11-сынып оқушылары оқу жылының соңында тапсыруға міндетті емтихан.


IGCSE - бұл қарқынды ілгерілеушілік пен жетістікке жетуге бағытталған халықаралық төлқұжат. Оны бүкіл әлем бойынша жұмыс берушілер мен жоғары оқу орындары толыққанды академиялық қабілеттіліктің дәлелі ретінде қабылдайды. Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына қабылдау қызметі (UCAS) IGCSE-ді GCSE-ге балама емтихан деп санайды. IGCSE – Халықаралық орта білім туралы куәлік 14-16 жастағы оқушыларға ұсынылатын ең танымал әрі көпке белгілі халықаралық біліктілік. Аталған емтихан әлемнің 160-тан астам елдерінде қолданылады.


Оқушылар үшін емтихан материалдарын Кембридж Университетінің бір бөлімі болып табылатын Халықаралық Емтихан Кеңесі (ХЕК) дайындайды. Емтиханды табысты тапсырып біткеннен кейін екінші курстың соңында Сізге әр оқыған пәніңіз бойынша бүкіл әлемдік жоғары оқу орындарында қабылданатын, танылатын куәліктер беріледі, демек сіз білім алу процесінің келесі кезеңіне аяқ бастыңыз деген сөз.

Біздің оқушыларымыз барынша қажырлы еңбек етіп, ең жоғары нәтиже көрсетуге бар күш-жігерін салды. Haileybury Astana мектебі сіздермен 12-сынып оқушыларының қол жеткізген жетістіктерін мақтанышпен бөліседі.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат