IB түлегі Алсу беделді университеттерден бірнеше шақырту алды

IB түлегі Алсу беделді университеттерден бірнеше шақырту алды

Халықаралық IB бағдарламасының түлегі Алсу әлемнің беделді университеттерінен бірнеше шақырту алды, бұл оның білім жолындағы маңызды бір белес. Менеджмент және экономика мамандығы бойынша Алсу мына оқу орындарынан шақырту алды: Торонто университеті (QS World University Rankings 2024 рейтиңінде 21-орында), Амстердам университеті (US News Best Global Universities рейтиңінде Еуропаның үздік он университетінің қатарында) және Бентли университеті (Bloomberg, U.S. News & World Report атап өткен).

Небәрі 15 жасында Алсудың маркетиңге деген құштарлығы оның академиялық және сабақтан тыс ізденістерін қалыптастырған түрлі бизнес-тәжірибе жасауға арқау болды. Ол Халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасына белсенді түрде қатысып, Pioneer компаниясымен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мінез-құлық экономикасы мен менеджмент салаларына терең бойлады. Haileybury Astana-дағы UNESCO клубын басқарып, басқа да клубта басшылық қызметтерді атқарған, соның ішінде HASTMUN 2023 көрмесінде ECOSOC Бас хатшысының орынбасары рөлін атқарып, Алсу тамаша көшбасшылық қабілеттерін көрсеткен. Ол сонымен қатар жоғары мектептегі маркетиңдік тағылымдаманың екі курсын сәтті аяқтап, практикалық білімі мен машықтарын толықтырды.

Сондай-ақ Алсу толық стипендияға қол жеткізіп, беделді Pioneer Academics зерттеу бағдарламасына қатысты, онда ол АҚШ-тан келген құрметті профессордың жетекшілігімен маркетиңді зерттеді. Оның SAT және IB сияқты стандартталған тестердегі ұпайлары оның жоғары мектептегі тамаша үлгерімімен бірге оның академиялық қабілетінің айғағы болып, оның осы беделді университеттерге түсуіне жол ашты.

Алсудың жетістіктеріне мақтаныш сезімін білдіре отырып, оны шын жүректен құттықтаймыз, оған білім жолының келесі кезеңінде сәттілік тілейміз!

Жаңалықтар
17.05.2024
Haileybury Astana жазғы балалар лагерін таныстыру: кішкентайларға арналған тамаша оқу және ойын-сауық орны
Haileybury Astana 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға арналған көптен күткен жазғы балалар лагерін ұсынады, бұл жас тобына арнайы дайындалған білім мен ойын-сауықтың керемет үйлесімін уәде етеді.
16.05.2024
Haileybury Astana-да балабақшаға өтінімдерді қабылдау ашылды
Біз 2024 жылдың тамыз айынан бастап алдағы оқу жылына арналған балабақшадағы Creche Class-қа өтінімдерді қабылдау енді ашық екенін қуана хабарлаймыз!
15.05.2024
Біздің жаңа студенттік өзін-өзі басқару тобымен Танысыңыз: жаңа идеялар мен қызықты өзгерістер
Біз жаңа оқушылардың өзін-өзі басқару тобын, мектеп қауымдастығына оң өзгерістер енгізуге дайын оқушылардың динамикалық тобын таныстыруға қуаныштымыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат