Үлкен жетістік: IB DP емтихандарында 41 ұпай!

Үлкен жетістік: IB DP емтихандарында 41 ұпай!

Камилланы IB DP емтихандарында 41 балл алғанымен құттықтаймыз!

Осы жылы Камилла Сингапур ұлттық университетінен, Лондон Императорлық колледжінен, Гонконг, Эдинбург, Уорвик, Боккони және Манчестер секілді Ұлыбритания мен Азияның беделді университеттерінен шақыптулар алды. Сонымен қатар, ол Гонконгтағы HKBU-да оқу үшін 100 000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендиямен марапатталды.

Камилланың жетістіктері оның академиялық жетістіктерінен асып түседі. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқысы келген оқушыларға онлайн Advicem математикалық байқауын ұйымдастырған еді. Одан басқасы, ол жергілікті өнер қауымдастығын сәтті біріктірген "KNAMM" өнер көрмесін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды.

Аталған университеттердің қабылдау процесі өте қатаң. Соңдықтан да, Камилланың жетістіктері үлкен мақтауға ие.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат