Бүгін Haileybury Astana мектебінде Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамдастығының президенті Рауан Кенжеханұлы қонақта болды.

Іс- шараны мектеп директоры Джон Коулз және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдастығының президенті Рауан Кенжеханұлы сөз сөйлеп, ресми түрде ашты. Сонымен қатар “Тіл- Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Назарбаев университетінің ғылыми қызметкерлері де бой көрсетті. 

Хейлибери Астана мектебі білім ордаларының ішінде алғашқылардың бірі болып «Ұлттық диктант» жобасына қатысты. Іс- шараны мектеп директоры Джон Коулз және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдастығының президенті Рауан Кенжеханұлы сөз сөйлеп, ресми түрде ашты. Сонымен қатар “Тіл- Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен Назарбаев университетінің ғылыми қызметкерлері де бой көрсетті.

Бұл шараның мақсаты -  қазақ тілін халықаралық ортада дәріптеу, тілдің маңыздылығын арттыру.

Кездесу барысында алдағы уақытта ұйымдастырылатын қазақ тілін және мәдениетін дәріптейтін жобалар талқыланды.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдастығы мектеп кітапханасына 4 тілде жарық көрген «Абай» кітабын, «Oxford Qazaq Dictionary» сөздігін және мектеп ұжымына «Алғыс хат» табыстады.

#has_community #academic

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат