Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2021

Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2021

Haileybury Astana мектебі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қызығушылық білдірген кез келген жоғары сынып оқушыларын 2021 жылдың мамыр айында болатын Haileybury Astana Математиктер Олимпиадасы 2021 сайысына қатысуға шақырады.

Сайысқа Нұр-Сұлтан қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатыса алады  (жеке мектептермен қоса мемлекеттік мектептер де).

Олимпиадаға қатысуға өтінішті тапсыру мерзімі: 2021 жылдың 10 - 30 сәуір аралығы.

Олимпиада екі кезең бойынша өткізіледі:

Іріктеу кезеңі (онлайн тур) – 4 мамыр 2021ж.

Негізгі кезең  Haileybury Astana мектебінде 2021 жылдың 15-16 мамыр аралығында өткізіледі.

Іріктеу кезеңінде нәтиже бойынша ең жоғары ұпайға қол жеткізген үміткерлер Haileybury Astana мектебінде өткізілетін Олимпиаданың Негізгі кезеңіне шақырту алады.

*Математика пәні бойынша Республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары тіркеу кезінде дипломдарының скан-көшірмесін тіркеп өткізгеннен кейін Негізгі кезеңге жіберіледі.

Олимпиадаға қатысу тегін!

Олимпиадаға қатысу үшін оқушылар өз аты-жөндерін қатесіз, дұрыс толтыра отырып тіркеуден өтулері қажет.

Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда, Olympiad@haileyburyastana.kz электронды адресіне хат жазуыңызды сұраймыз.

Олимпиадаға тіркелу

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат