Haileybury Astana студенті Шеффилд университетінен ұсыныс алды!

Haileybury Astana студенті Шеффилд университетінен ұсыныс алды!

Владиславты Шеффилд Университетінде информатиканы оқуға университеттік ұсыныс алуымен құттықтаймыз!

Қазіргі уақытта Владислав Haileybury Astana Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқиды. Алғашқы ұсынысы ретінде ол Шеффилд Университетінде информатика пәнін оқуға мүмкіндік алды.

Шеффилд университеті мықты мамандар дайындайтын ғылыми жетекші университет. Университеттің түлектері мен қызметкерлері арасында алты Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Информатика саласында Шеффилд Ұлыбританиядағы ең жақсы университеттер рейтингінде 16-шы орында.

Өзге студенттердің ұсыныстарымен тезірек бөлісуді асыға күтудеміз!

Жаңалықтар
03.10.2023
Haileybury Astana мектебінде білім алуға берілетін шәкіртақы туралы
Haileybury Astana мектебінде 2024-2026 оқу жылында Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға арналған толық және жартылай шәкіртақысына ие болу үшін тіркеу ашылды (12-13 сыныптар).
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат