Haileybury Astana мектебінің робототехника бойынша алты командасы халықаралық чемпионаттарға жолдама алды. Енді біздің оқушылар Қытай, Болгария және АҚШ-та өтетін беделді жарыстарда Қазақстанның намысын қорғайды.
Бұл жетістік - біздің Sci-Tech Hub орталығының жемісі. Біз академиялық білімді STEM саласындағы тәжірибемен ұштастырып, болашақтың мамандарын даярлауға басымдық береміз. Оқушылар бірнеше ай бойы өз жобаларын зерттеп, сынақтан өткізді. Күрделі тапсырмаларды орындау барысында олар шығармашылық шабыт пен нағыз командалық рух танытты.
Бұл жетістіктер - «Астананың идеялары мен энергиясын әлемге паш ететін жаңа буын инженерлер мен көшбасшыларды шабыттандыру» деген біздің миссиямыздың айқын дәлелі.