
Біздің түлегіміз Иссатай Қаражигитов үлкен жетістікке жетті — ол Азиядағы ең үздік жоғары оқу орындарының бірі Hong Kong University of Science and Technology университетіне оқуға түсті Сонымен қатар, Иссатай беделді Belt and Road Scholarship бағдарламасы бойынша толық грант иегері атанды.
Haileybury Astana мектебінде оқыған жылдары ол еңбекқор, табанды әрі дарынды оқушы екенін дәлелдеп, IB Diploma бағдарламасын сәтті аяқтады. Бұл - еңбектің арқасында болашақтың есігі ашылатынының айқын дәлелі.
Оны шын жүректен құттықтаймыз және Гонконгтағы жаңа оқу жолында зор табыс тілейміз!