Mangahigh COBIS Maths Challenge сайысына қатысқан жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл сайысқа жоғары және бастауыш сыныптарды қоса есептегенде барлығы 262 оқушы қатысты.
Бұл жарыс 5 және 16 жас аралығындағы балалар үшін онлайн өткізілді. Жарыстың басты мақсаты - ойын әдісі арқылы балаларды математикаға қызықтыру, ынталандыру. Mangahigh онлайн-платформасын қолдана отырып, оқушылар математика пәнінен берілген тапсырмаларды орындайды, бұл олардың өзі білім алатын мектебіне сәйкес көшбасшылар кестесінен көріну үшін тиісті ұпай жинауға көмектеседі.
Аталған жарыс 1 - 10 ақпан аралығында өтті және біздің мектеп оқушылары үшін сәттілікке толы болды. Жарысқа 126 мектептен 44 000-ға жуық оқушы қатысты. Haileybury Astana мектебі 126 мектептің ішінен 23-і орынға ие болды, мектебіміздің оқушылары орта есеппен 10445 ұпай жинады.
Мектебіміздің атынан қатысқан сыныптардың ішінде, әсіресе көп ұпай жинаған сынып 7С сыныбы болды.