Ағылшын тілінен 2023 жылғы олимпиадаға тіркелу ашық

Ағылшын тілінен 2023 жылғы олимпиадаға тіркелу ашық

Haileybury Astana ағылшын тілі факультеті Астанадағы 6-12 класс оқушыларын ағылшын тілі бойынша үшінші олимпиадаға қатысуға шақырады. Олимпиада тапсырмалары коммуникация, шығармашылық және рефлексия дағдыларын бағалауға бағытталған.

Қатысу шарттары:

  1. Haileybury Astana мектебінің символы - қанаттарымен көтерілген жүрек. Осы қанаттар секілді, бүгінгі әлемде сіздің көңіл-күйіңізді не көтеріп, үміт сыйлайтыны жайлы шығармашылық эссе жазыңыз.
  2. Эссеңізді Google Form-ға 8 қарашаға дейін жүктеңіз. Жұмыстың көлемі 800 сөзден аспауы керек.
  3. Ұсынылған материалдардың ішінен 25 қарашадағы қорытынды турға қатысу үшін 20 оқушы іріктеледі.

Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың 8 қарашасы

Тіркелу үшін төмендегі сілтеме бойынша өтіңіз.

Сұрақтар туындаған жағдайда g.legg@haileyburyastana.kz электронды поштасына жазыңыз.

Жаңалықтар
28.11.2023
TechnoGirls мотивация күніне бізге қосылыңыз!
TechnoWomen қауымдастығы оқушы қыздарды 9 желтоқсанда Haileybury Astana мектебінде өтетін TechnoGirls Motivation Day іс-шарасына қатысуға шақырады. Бұл ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеп, жетістікке жеткен әйелдер қауымдастығымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
27.11.2023
«Шеберлікке апарар жол» II Халықаралық пианистер мен фортепианошылар ансамбльдер байқауының лауреаттары
8 және 19 қарашада Haileybury Astana мектебінде «Әлем музыкасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Шеберлікке жол» атты пианистер мен фортепиано ансамбльдерінің II Халықаралық байқауы өтті.
24.11.2023
Haileybury Astana студенттері Outstanding Pearson Learner сыйлығын алды
Марапат IGCSE емтихандарының әр сериясында өз пәндері бойынша ең жақсы ұпай жинаған оқушыларға беріледі. Амир, Алина және Зере Қазақстандағы жекелеген пәндер бойынша, атап айтқанда биология, орыс тілі және физика пәндері бойынша ең жоғары баға алды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат