Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу

Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу

Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.

Қатысу үшін 15 пен 18 жас аралығындағы 3 адамнан тұратын топты құрыңыз. Команда болмаған жағдайда да тіркелуге болады. Кейін ұйымдастырушылар сізді өзге топқа қосады. Қатысу үшін биода тұрған тіркеу сілтемесін басып, команда және мектеп туралы ақпарат жазыңыз. Командалар саны шектеулі, сондықтан тіркеуді кейінге қалдырмаңыз.

Дебатқа 2023 жылдың 29 қыркүйегіне дейін тіркеле аласыз. Барлық сұрақтар бойынша a.sirbayeva@haileyburyastana.kz поштасына жаза аласыз.

Haileybury Astana

Ұлттық пікірсайыс байқауы

- 15 пен 18 жас аралығындағы 3 адамнан тұратын команда құру.
- Өтінім беру мерзімі 2023 жылдың 29 қыркүйегіне дейін.
Күні: 14.10.2023 ж
Уақыты: 09.00
Өтетін орны: Haileybury Astana мектебі
Киім үлгісі: Ресми
Тіркелу
Ұлттық пікірсайыс байқауы
Жаңалықтар
28.11.2023
TechnoGirls мотивация күніне бізге қосылыңыз!
TechnoWomen қауымдастығы оқушы қыздарды 9 желтоқсанда Haileybury Astana мектебінде өтетін TechnoGirls Motivation Day іс-шарасына қатысуға шақырады. Бұл ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істеп, жетістікке жеткен әйелдер қауымдастығымен танысудың тамаша мүмкіндігі.
27.11.2023
«Шеберлікке апарар жол» II Халықаралық пианистер мен фортепианошылар ансамбльдер байқауының лауреаттары
8 және 19 қарашада Haileybury Astana мектебінде «Әлем музыкасы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Шеберлікке жол» атты пианистер мен фортепиано ансамбльдерінің II Халықаралық байқауы өтті.
24.11.2023
Haileybury Astana студенттері Outstanding Pearson Learner сыйлығын алды
Марапат IGCSE емтихандарының әр сериясында өз пәндері бойынша ең жақсы ұпай жинаған оқушыларға беріледі. Амир, Алина және Зере Қазақстандағы жекелеген пәндер бойынша, атап айтқанда биология, орыс тілі және физика пәндері бойынша ең жоғары баға алды.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат