«Hearts and Wings» журналының екінші саны

"Hearts and Wings" журналының екінші саны

"Hearts and Wings" журналының екінші санының жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз! Мектебіміздің жоғары сынып оқушыларынан құралған командамыз бұл шығарылымды алдағы мерекелерге арнауды және осы семестрде болған оқиғаларды шолу жасап, қорытынды шығару арнауды жөн деп шешті!

2021 жылдың 5 желтоқсанында өткен Рождестволық қайырымдылық акциясы «Hearts and Wings» журналының басты оқиғасы болып табылады. Жас авторлар жәрмеңкеге өз мақалаларын арнады, сонымен қатар көптеген ойындар мен қойылымдарды суретке түсірді.

Халықаралық Балавриат дипломдық бағдарламасының 12-сынып оқушысы Бегин-Ана Haileybury Astana мектебінде мәжбүрлеу мен қорқытуға қарсы апталық туралы мақала жазып, балалар мен жасөспірімдер арасында осы әрекеттер туралы хабардар болу маңыздылығын арттыру жөнінде айтты.

Көркем-ай HASTMUN 2021 DISEC бас хатшысының орынбасары және "Hearts and Wings" журналының авторы өзінің HASTMUN 2021 сапары туралы жан-жақты ақпараттармен бөлісіп, қызықты сипаттап берді, Haileybury Astana мектебіндегі БҰҰ моделі конференциясының есте қалған ең қызықты сәттерін айтып, журнал оқырмандарымен бөлісті.

Бұл нөмірде студенттер келесі тақырыптар бойынша мақалалар дайындады:

• Рождестволық жәрмеңке

• Дүние жүзінде қысқы мерекелердің атап өтілуі

• Haileybury Astana мектебіндегі мәжбүрлеу мен қорқытуға қарсы апталық

• Бактериялар, иіс және көз жасы

• Климаттың өзгеруі сән емес

• HASTMUN 2021саяхаты

Әлем жаңалықтары

 

Жоғары сынып оқушыларына жақсы жұмыс жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз.

Егер журналдың көшірмесін алғыңыз келсе, төмендегі сілтемені басуыңызды сұраймыз.

Қызықты оқу болсын деп тілейміз!

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат