Университеттердің Шақырулары | British Columbia, Warwick, Strathclyde, Leicester and Queen’s University Belfast

Университеттердің Шақырулары | British Columbia, Warwick, Strathclyde, Leicester, Queen’s University Belfast, Tilburg and Bournemouth

Бегім-Ананы Британдық Колумбия университетінде, Уорвик университетінде, Стратклайд университетінде, Лестер университетінде, Белфаст Квинс университетінде, Тилбург университетінде және Борнмут университетінде заң саласын оқуға ұсыныстар алуымен құттықтаймыз.

Haileybury Astana-да Бегім-Ана экономика мен тарихты пәндерін IB бағдаламасы аясында оқып жатыр. Оқу кезінде ол ASTMUN және IBEEMUN сияқты көптеген іс-шараларға қатысып, марапаттарға ие болды. Ол сондай-ақ 2021 жылы HASTMUN конференциясын өткізуге көмектесті. Осы жылы Бегім-Ана HASTMUN 2023-те Халықаралық сот тақырыбында сөз сөйлейді.

Бегім-Ананың заңгерлік мансабын Ұлыбритания, Канада және Нидерландыдағы жетекші университеттерде жалғастыруға мүмкіндік алғанына өте қуаныштымыз. Мысалы, Британдық Колумбия университетінің Заң мектебі әлемдегі ең жақсы 50 заң мектебінің қатарына кіреді.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат