Haileybury Astana мектебіндегі алтыншы саты ұл-қыздарға өз болашағына қатысты маңызды таңдау жасау мүмкіндігін береді.

Халықаралық бакалавриат – бұл бүкіл әлем университеттері мойындаған әсерлі біліктілік.

Көптеген американдық университеттер 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға ұсынылатын осы біліктілікке ие болған жетістігі көп оқушыларға толық баға бере алады. Ұлыбританияның және әлемнің бірқатар университеттерінде Халықаралық бакалавриат бағдарламасынан (ІВ) өткен оқушылар олардың меңгерген зерттеу дағдылары үшін жоғары бағаланады, сондықтан ІВ бағдарламасын Ұлыбританияның көптеген жетекші оқу орындары ұсынуда.

ІВ бағдарламасы мемлекеттерге тәуелді болмайды. Бұл педагогтардың тәулесіздікті, көшбасшылық дағдыларды және нағыз халықаралық тәсілдерді дамыту үшін әзірлеген бағдарламасы. ІВ – дүние жүзіндегі жылдам дамып келе жатқан университет алды бағдарламасы.

 

Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат