Университеттердің Шақырулары | London School of Economics and Political Science

Университеттердің Шақырулары | London School of Economics and Political Science

Біздің мектеп бітіріп кеткен түлегіміз Ахмет Майдан бір жылдық үзілістен кейін Лондон экономика және саясаттану мектебінен (LSE) шақырту алды. Ахмет Халықаралық Бакалавриат емтихан нәтижесі бойынша 42 ұпай жинап, 2022 жылғы түлектер тобындағы ең жақсы ХБ (IB) ұпайларының бірін алды.

Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы емтихандарында 45-тен 42 ұпай жинап, Ахмет Майдан өз қатарластары арасындағы ең үздік түлектердің бірі болды. 42 балл жинаған үміткер біздің мектептегі ең нәтижелі ғана емес, сонымен қатар Халықаралық Бакалавриат бөліміне түсушілердің ең жақсы 2% - пайызына кіреді. Мен оны осындай керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймын.

Ахмет көптеген жылдар бойы Haileybury Astana мектебінде көптеген іс-шараларға қатысқан өте белсенді оқушы болды. Қайырымдылық, еріктілік немесе кез келген іс-шараларды ұйымдастыру жағынан Ахмет әрқашан мектептің атынан лайықты өкілдік ету үшін бәрін жасады, сонымен қатар өзінің қабілеттерін жетілдірді.

Ахмет ковид пандемиясы кезінде онлайн ойындар бойынша қайырымдылық турнирін ұйымдастыруға қатысты, мысықтарға арналған жергілікті баспанаға қайырымдылық көрсету шараларына атсалысты, Haileybury Astana мектебінің тарихындағы алғашқы TEDx конференциясының бірлескен ұйымдастырушысы және идеяларының авторы және Haileybury Astana мектебінде өткен MUN конференциясының бас ұйымдастырушысы болды. Ахмет біздің мектебіміз үшін аса қадірлі әрі пайдасын тигізген озат оқушыларымыздың бірі болды.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат