Біз жас зерттеушілерді Haileybury Astana мектебінің балабақшасына шақырамыз

Біз жас зерттеушілерді Haileybury Astana мектебінің балабақшасына шақырамыз

Біз өздеріңізге Haileybury Astana мектебінде 4-29 шілде аралығында балабақша тәрбиешісі Жанар Есіркепова ханым және балабақша ұжымы жетекшілік ететін жазғы лагерь ашылатынын хабарлауға қуаныштымыз. Біз білім берудің бастапқы кезеңінде балалар меңгеруге тиіс машықтарды дамытуға мүмкіндік беретін ауқымды, жан-жақты ойластырылған бағдарлама әзірлеуге барынша тырыстық, жазғы лагерь барысында аталған бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайынбыз.

Жазғы лагерь дүйсенбіден жұмаға дейін, таңғы 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Егер сіз балаңызды жазғы лагерьге алып келгіңіз келсе, Жанар ханымға хабарласуыңызды сұраймыз: Z.Yessirkepova@haileyburyastana.kz

Жазғы лагерьдің төлемақысы туралы мәліметтер сіздің лагерьге келу күніңіз расталғаннан кейін беріледі. Орын саны шектеулі болғандықтан, басымдылық бірінші төлем жасаған адамға беріледі.

  • Жасы: 2-5 жас.
  • Құны: аптасына 71 000 теңге.
  • Лагерь төлемақысына таңғы ас, түскі ас және жеңіл тағамдар кіреді.
Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
06.03.2023
Дүниежүзілік кітап күніне арналған шеру
Өткен аптада Бастауыш сынып оқушылары оқу апталығына орай түрлі іс-шараларға қатысты. Апталық "Жұптық оқу" іс-шарасынан басталды. Онда әртүрлі жас топтарының оқушылары бірге кітап оқыды. Кейін оқушылар "'Get caught reading" байқауына қатысты.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат