Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы туралы нені білу керек?

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы (International Baccalaureate Diploma Programme, IBDP) — дүние жүзі бойынша түрлі білім беру бағдарламаларының ең үздік үлгілерін жинаған, жоғары оқу орнына даярлайтын  ең қарқынды дамып келе жатқан бағдарлама. Оның мақсаты – білімпаз, ізденімпаз, әлемді халықаралық мәдени өзара түсіністік пен құрметтеу арқылы жақсарта түсуге талпынатын жастарды тәрбиелеп шығару.

Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы 16-19 жас аралығындағы оқушыларға арналған білім бағдарламасы. Осы уақыт аралығында олар зерттеушілік, сараптаушылық және көшбасшылық қасиеттерді бойларына сіңіреді, ол өз кезегінде түрлі өзгерістерге тез бейімделіп, икемді болуға мүмкіндік береді. Оның үстіне, Плющ Лигасы және Расселл университеттерінің пікірінше, Халықаралық Бакалавриат Диплом Бағдарламасы (IB DP) студенттерді жоғары оқу орнындағы өмірге ең жақсы даярлайтын бағдарлама болып табылады, Бағдарлама түлектерінің өтініштері де оқуға түсер кезде бірінші кезекте қарастырылады.

ДЖОН КОУЛЗ, Haileybury Astana мектебінің директоры

 «‎Біздің мектебіміздің түлектері қазақстандық және әлемдік жоғары оқу орындарында жоғары бағаланады. Біздің мектептің түлектеріне  Ұлыбританиядағы Рассел университеттерінен көптеген ұсыныстар келіп түсті. Рассел Университеттері американдық Плющ Лигасының британдық эквиваленті болып табылады. Жоғары оқу орнындағы төлемақының артуына байланысты көптеген студенттер Америкадағы жоғары оқу орындарын емес, Европа, Канада және Азияда орналасқан жоғары оқу орындарына таңдау жасады. Бұл елдерде біз толық тегін оқу, яғни шәкіратқы бағдарламасына ие болу жағынан табыстымыз, олай болу себебі біздің мектебімізден Халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алып шыққан түлектердің деңгейінің университеттер деңгейіне сай келетіндігінде».

Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының оқушысы қандай оқушы?

АЙМИРА АБАЕВА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB) түлегі

«Haileybury Astana мектебінде Халықаралық бакалавриат бағдарламасының оқушылары ешқандай қиындықтан қорықпайды, жан-жақты көзқарастағы оқушылар; тәуекелге бас ұрған және болашаққа құрған анық мақсаттары бар білімді адамдар, сонымен қатар білімге құйған инвестициның ең дұрыс жасалған инвестиция екендігін біледі әрі түсінеді. Ата-ананың өз баласы үшін жасайтын ең ұтымды инвестициясы – оның біліміне құйған инвестициясы».

 

ДИАНА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB)  түлегі

«‎Курс дербес және өз алдына нақты мақсат қоя білетін оқушыларға арналады. Бағдарлама өз қызығушылығы бойынша оқығысы келген пәндерді таңдауға мүмкіндік береді, дегенмен оқу барысында өз уақытыңды дұрыс есептеп, басқаруға және өз өмірің үшін маңызды нәрселерге басымдылық танытуды талап етеді‎.»

Шығармашылық, іс-әрекет және қызмет көрсету (Creativity, Activity, Service  CAS)

CAS — Халықаралық Бакалаврииат бағдарламасының ең басты талаптарының бірі болып табылады, Халықаралық Бакалавриат Дипломын алу үшін бұл пәнді толық өту міндетті. CAS Шығармашылық, іс-әрекет және қызмет көрсету әрекеттерінің бірлігін білдіреді. Әрқайсысына жеке тоқталайық:

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ — оқушылардың дамып-жетілуін, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеттерін шыңдауын талап етуге бағытталған әрекеттер.

ІС-ӘРЕКЕТ — шыдамдылықтарын, бәсекеге қабілетті бола білу, өз денінің сау болуын қадағалауға бағытталған физикалық жүктемелер.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ — ерікті түрде атқарылатын әлеуметтік жұмыс, бұл әрекетті орындау арқылы оқушылар өздерінің жергілікті және жаһандық қауымдастықта белсенді бола білу дағдыларын дамытады.

ХБ бағдарламасының артықшылықтары

ДЖОН КОУЛЗ, Haileybury Astana мектебінің директоры

«‎ХБ бағдарламасының  негізгі мақсаты — оқушыларды өмірге үйден немесе мектеп қабырғасынан бөлек, тыс жерде дайындау болып табылады. Мұның барлығы оларға алынған ақпаратты жылдам сіңіруге, өңдей білуге, сұрақтар қойып, тезірек шешім қабылдауға мүмкіндік береді.  Көптеген басқа академиялық бағдарламалар практикалық дағдыларды дамытудан гөрі, тек білім берумен шектеледі»

 

ФЭЙ ФРЕЙЗЕР, Haileybury Astana мектебіндегі Халықаралық Бакалавриат Дипломы Бағдарламасының (IB) жетекшісі

 «‎Халықаралық Бакалавриат Дипломы Бағдарламасы (IB) тұтас және ол баланың жан-жақты дамуына негізделген. Академиялық пәндер тарапынан қойылатын талаптар жетерлік, өте кең әрі пәндік мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді. Бағдарлама Үлгісі өз нәтижелерін бақылай отырып, білім беру процесін бағалауларына мүмкіндік береді.  Ойға шому, рефлексия, қарым-қатынас және бір-бірімен араласу – Халықаралық бағдарламаның ажырамас бөлігі, осының арқасында түлектер болашаққа дайын болып шығады.  Білім қашан да күш болып табылады, алайда қазіргі заманда технологияның дамуымен және Google-дің кеңінен қолданылуы арқасында тепе-теңдік бұзылады, жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер біліктілікке, сыни ойлай білу дағдысына және кез келген сұрақтың шешімін таба білу дағдыларына аса мән беретін болған. Мен Халықаралық Бакалавриат бағдарламасының әрбір оқушыға осы дағдыларын шыңдай түсуге көп мүмкіндік бере алады дегенді сеніммен айта аламын»‎

 

АЙМИРА АБАЕВА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB) түлегі

 «‎Халықаралық  Бакалавриат  Дипломы  бағдарламасы (IBDP) мен үшін жоғары оқу орнына жақсы  дайындық болды, соның арқасында Англияның университетінің бірінші курсына қиындықсыз түсіп кеттім. Халықаралық  Бакалавриат  Дипломын алған студенттерге  Foundation немесе басқа да ұзақ мерзімді курстарды оқудың қажеті жоқ»

 

ДИАНА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB) түлегі

 «‎Біз халықаралық стандарттар бойынша білім аламыз, сәйкесінше әлемнің кез келген түкпіріндегі жоғары оқу орнында өз-өзімізге сенімді бола аламыз. Басымдылықтар, тіпті емтихандарымыздың өзі біздің болашақ білім алатын жоғары оқу орнымыз туралы толық түсінік беруге орай ұйымдастырылған»

ДЖОН КОУЛЗ, Haileybury Astana мектебінің директоры: «‎Біз мұғалімдерді жұмысқа қатаң іріктеуден өткізе отырып қабылдаймыз, олардың толық кәсіби біліктілігін растайтын құжаты мен халықаралық деңгейде жоғары стандарттарға сай келетін педагогикалық біліктілігі бар мұғалімдерді ғана қабылдаймыз. Тілді үйрету жоғары деңгейде болуы үшін ағылшын тілі ана тілі болып табылатын, сонымен қатар өздері де әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алған қызметкерлерді аламыз. Мұның барлығы мұғалім біліктілігінің жоғары деңгейін көрсетеді, сонымен қатар бұл олардың біздің оқушыларымыздың білім алғысы келетін түрлі жоғары оқу орындары туралы көбірек мәліметке ие екендігінің кепілі, сәйкесінше ондай мұғалімдер сол университетке түсу үшін қалай дайындау керектігін де біледі».

Неге Haileybury Astanа мектебіне оқуға түсу керек?

Haileybury Astana мектебі сізге Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігін ұсынып қана қоймайды, сонымен бірге дарынды студенттерге бағдарлама бойынша берілетін тегін, шәкіртақы негізінде білім алу мүмкіндігін де ұсынады. Мектеп сондай-ақ әлемнің жетекші, алдыңғы қатарлы оқу орындарына өтініш беруге көмектеседі.  Шәкіртақы немесе толық шәкіртақыға ие болу – студенттер үшін ең маңызды аспект.

Түлектер тек Ұлыбритания мен АҚШ жоғары оқу орындарына ғана емес, сонымен бірге Азияның, Еуропа мен Австралияның ең үздік оқу орындарына да түсе алады.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ

Жоғары білім курсына қол жеткізу үшін ағылшын тілін жетік білу міндетті шарт. Жоғары сынып оқушыларының үнемі ағылшын тілінде сөйлесу мүмкіндіктері болғандықтан, артықшылыққа ие, сол себепті жоғары оқу орнына тест тапсыратын кезде еш қиналмай тапсырып шығады.

ҚОРЛАР

Haileybury Astana мектебінің жоғары сынып оқушыларына көбірек еркіндік берілгенімен, оған қоса үлкен жауапкершілік те қоса артылады: олар үшін заманауи технологиялар қолжетімді, сонымен бірге оларға спорттық жабдықтар да, ғылыми зертханалар да, мектептің кітапханасы да ашық. 2021 жылдың қыркүйек айында жеке сандық студиясы бар жаңа инновациялық орталық ашылады, ол кескіндеме, дизайн, кино, анимация, бірлескен сандық практикалар, суретке түсіру, сондай-ақ сандық кәсіпкерлік сияқты сандық білім беру мақсатында қолданылады.

ШАҒЫН СЫНЫПТАР

Шағын сыныптарда білім алатын оқушылардың сабақ үлгерімдерінің анағұрлым жақсы болатынын зерттеулер көрсетіп келеді. Сыныптағы баланың саны әрбір оқушыға көбірек көңіл бөліп, жеткілікті көмек көрсетуге мол мүмкіндік береді.  

ЖЕЛІ

Haileybury Astana бірнеше топтасқан мектеп бірлестігінің бір бөлігі болып табылады: бір мектеп Алматы қаласында орналасса, өзгелері Египетте және Ұлыбританияда орналасқан. Білім берудегі мұндай тәсіл оқушылардың бірдей ойлайтын, пікірлес, мүдделес адамдар желісінің бір бөлігі болуларына жағдай тудырады.  Осылайша мектептер арасындағы бірлестік оқушы үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады.

ТӘЛІМГЕР ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Оқушылардың Халықаралық Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу барысында кездескен қиындықтарын жеңіп шығуға көмектесіп, демеу беретін сынып жетекшісі болады. Haileybury Astana мектебінің кеңесшісі де күйзеліске түсіретін жғдаяттардан оңай шығуға, оның шешімін жылдам табуға көмек бере алатындай мол тәжірибеге ие. Барлық оқушының кәсіби бағдарына сәйкес кеңесшімен сөйлесуге мүмкіндіктері бар, ол өз кезегінде оқушыларға жоғары оқу орнына түскенге дейін, оның ішінде маңызды әрі беделді шәкіртақыға өтініш жазуға көмек береді. 

БІЛІКТІ МҰҒАЛІМДЕР

Мектептің әрбір қызметкері жоғары кәсіби біліктілікке ие және әлем бойынша жер-жерде орналасқан Халықаралық Бакалавриат бойынша білім беру тәжірибесін жинақтаған үздік мұғалімдер.

Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы бойынша білім алатын оқушылардың академиялық пәндерді оқығаннан басқа нәрселермен айналысуға уақыттары бола ма?

ХБ Бағдарламасы оқушылардан үлкен жауапкершілік пен ерен еңбекті талап етеді және  білім алудың көп бөлігін олардың өз беттерімен жүзеге асырулары талап етіледі. Дегенмен тәжірибелер осы әрекеттердің нәтижесінде оқушылардың бірлескен оқу іс-шараларына қатысатындықтарын көрсетті, мысалы, БҰҰ Үлгісі, музыка, спорттағы командалық жарыстар және қайырымдылық іс-шаралары. Екіжылдық оқу процесі барысында оқушылардың ХБ Бағдарламасына келіп түскенге дейін өздері де байқамаған жаңа қызығушылықтары пайда болады.  

АЙМИРА АБАЕВА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB) түлегі

 «‎Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының болашақ оқушыларына менің беретін кеңесім  курстан барлық керегіңді ал және ерінбе, себебі бұл университетке түсер алдындағы оқушы үшін ең жақсы дайындық болып табылады. Екі жыл бойы алған білім жиынтығың кез келген университет үшін және алдағы өмірің үшін аса қажетті болады»

ДИАНА, Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриат Дипломы бағдарламасының (IB) түлегі

 «‎Халықаралық Бакалавриат Бағдарламасы бойынша білім алу процесінде өзім қол жеткізген дағдыларым:

Жеке дисциплина — бағдарламаның табысты оқушысы болу үшін әр пән бойынша соңғы мерзімді сақтау аса маңызды. Берілетін жұмыс көп болғандықтан барлық тапсырманы уақытымен тапсыру өте қиын.

Құндылықтар — CAS (Шығармашылық, Іс-әрекет, Қызмет көрсету): бағдарламаның бір бөлігі спортпен айналысуға, ерікті болып түрлі қоғамдық іс-шаралар жасауға, шығармашылықпен айналысуға міндеттейді. Осы сабақтар менің жобалау негіздері мен іс-шараларды ұйымдастыра білуді түсінуіме, сондай-ақ өзімнің ішкі әлемімді дамыта алуыма көмектесті.

Академиялық дағдылар — тұтас бағдарлама барысында менің төрт эссе жазуыма тура келді. Процесс барысында академиялық мақалалар мен ғылыми зерттеулер жазу негізіне машықтанып алдым»

 

Жаңалықтар
25.03.2024
Мектеп Наурызды жарқын мерекелермен атап өтеді!
Өткен аптада біздің мектеп көктемнің жаңаруы мен келуін бейнелейтін Наурыз мерекесінің қуанышты рухына толы болды.
20.03.2024
13 сынып оқушылары беделді Британиялық Колумбия университетіне қабылданды
13 сыныптың үш үздік студенті Канададағы беделді Британиялық Колумбия университетіне (UBC) қалаған оқуына түсіп, үлкен жетістікке ие болды.
18.03.2024
Беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін 12-сынып стипендиаты Әбілмансұр таңдалды
Біз 12-сынып оқушыларының бірі Әбілмансұр Швейцарияның Женева қаласындағы әйгілі Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін таңдалғанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат