Бірлескен оқу жоспары

Бірлескен оқу жоспары

«Жан-жақты баланы» тәрбиелеу біздің халықаралық Британ мектебінің құндылықтарының негізінде жатыр. Бірлескен оқу іс-әрекетінің мақсаты – оқушыларға оқу бағдарламасынан тыс уақытта өз дағдыларын немесе қызығушылықтарын дамыту мүмкіндігін беру.

1-сынып оқушыларынан бастап 13-сынып оқушыларының барлығы әртүрлі сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Haileybury Astana мектебі оқушылардың әртүрлі дағдыларын дамытуға ұмтылатындықтан, БОЖ (CCA) бағдарламасы өнер, спорт, тілдер және т.б. мүмкіндіктерінің кең ауқымын қамтиды. Біз оқушыларға тұрақты даму мәселелеріне назар аудара отырып, экоклубтың іс-шараларына белсенді атсалысуға және Haileybury Astana Эко мектебіне қатысуға шақырамыз.
Сонымен қатар, белсенді БОЖ (CCA) болып табылатын MUN-ға қатысу оқушыларға халықаралық қатынастар, дипломатия және Біріккен Ұлттар Ұйымы салаларында білім алуға көмектеседі.

Сонымен қатар, БОЖ-дағы (CCA) ең жоғары басымдықтардың бірі болып табылатын STEAM-ке баса назар аударылады. Оқушылар тапсырмаларды орындап, робототехника дағдыларын жетілдіреді.

БОЖ-на (CCA) қатысу оқушыларға өз уақыттарын тиімді және қызықты өткізуге көмектеседі.

Жаңалықтар
15.03.2023
HASTMUN 2023
HASTMUN 2023 - бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының студенттік модел (MUN) конференциясы. Онда жастар жаһандық мәселелерді талқылау үшін жиналады. Биыл студенттер "Әділетсіздікті неғұрлым әділ болашақ үшін жұмсарту" атты тақырыпты өздері таңдады.
14.03.2023
"KNAMM" өнер көрмесі
9 наурызда Haileybury Astana Art факультеті 13 сынып, IB студенттері ұйымдастырған "KNAMM" көрмесінің есігін ашты. "КНАММ" сөзі орыс тілінен аударғанда "бізге кел" дегенді білдіреді және де көрмені ұйымдастырған студенттердің есімдерінің аббревиатурасы: Камилла, Наира, Анар, Мерей және Мария.
09.03.2023
The Peer Education Project
Peer Education Project (PEP) - бұл барлық британдық және халықаралық мектептерге арналған ментал денсаулықты қолдайтын бағдарлама. Қазақстанда Haileybury Astana мектебі бағдарламаны білім беру жүйесіне енгізген алғашқы мектеп.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат