Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриаты, 13-сынып оқушысы Санжараны құттықтаймыз!

Haileybury Astana мектебінің Халықаралық бакалавриаты, 13-сынып оқушысы Аминаны құттықтаймыз! Біз Санжараның жетістіктерін мақтан тұтамыз және оған алдағы уақытта тек қана сәттіліктер тілейміз! 

Сіз жоғары оқу орнын қалай таңдадыңыз және емтихандарға қалай дайындалдыңыз?

Мен өзіме жоғары оқу орнын таңдағанда үш нәрсені ескеруге тырыстым: орналасқан жері, шынайылығы мен ыңғайлылығы. Оқу орнының қайда орналасқандығына келетін болсақ, шынымды айтсам, менің тек Канада, Ұлыбритания немесе АҚШ мемлекеттеріне барғым келді. Осылай істеу арқылы мен өз тізімімді осы аймақтардан ғана іздеуге болатындай етіп қысқартып алдым. Шындыққа жанасымды болуына мән бере отырып, өзім таңдаған жоғары оқу орындарының менің болжаған бағамыма сәйкес келетіндігіне көз жеткіздім. Болжам мен шындық сәйкестігі үшін, өз тізімімдегі әрбір оқу орнының маған тұлғалық тұрғыдан сәйкес келуін мұқият зерттеп шықтым. Нәтижесінде, мен өз тізімімнен бірнеше жоғары оқу орындарын сызып тастадым, дегенмен менің бұл әрекетім түптің-түбінде дұрыс шешім болып шықты.

Менің тапсыруға тиісті емтихандарыма келетін болсақ, ол үшін маған мазмұнын асықпай қарап шығу жеткілікті болды. Бұл әрекетім есте сақтау және концепцияларды қолдана алу қабілеттерімді тексеру  тұрғысынан барлық жағдайдан хабардар екеніме  (мысалы, өзімнің экономика саласынан білімімді анықтау үшін, сонымен қатар физика пәні бойынша емтихан тапсыру сәтінде қажетті формулаларды қолдана алатындығыма сенімділігімді анықтау үшін) көз жеткізу үшін қажет еді. Осыдан кейін мен әр пән бойынша өтілген материалдарды пысықтап, емтиханға дайындайтын сынақ жұмыстарын мейлінше көп орындауға тырыстым.

Эссеге келер болсақ, (менің ойымша, сіз колледждегі эссеге тоқталып отырсыз) мен эссе үлгілерін қолдандым, онлайн-нұсқаулықтарға мұқият назар аудара отырып, өзім өтініш тапсырған жоғары оқу орындарын тереңірек зерттеп шықтым, бұл ісім өтініштерге ең жақсы деген жауап жазуыма керек болды. Өзімнің жоғары оқу орындары туралы мейлінше көп ақпарат білетіндегіме көз жеткізу өте маңызды еді, себебі бұл өз эссемде не туралы жазатындығымды айқындап, жоғары оқу орындарына менің дәл сол университетке лайықты екендігіме көздерін жеткізу қажет болды (сонымен қатар бұл менің жауабымда екі тараптың бірр-біріне қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы жазуға құлшыныс берді).

Сол себепті жағдайдың ушыққан сәтінде Фрейзер ханымның іске араласуы өте маңызды болды, өйткені оның қолдауы (мысалы, қажетті құжаттарды жіберуі және менің жеке өтініштерімді қайта түзету жұмыстары) Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін шұғыл түрде ең жақсы өтініштерді толтырып жіберуге болатындығына менің және менің көптеген сыныптастарымның көзін жеткізді.

Ұстаздар тарапынан қандай көмекке ие болдыңыз?

Маған көптеген кісілер қолдау көрсетті. Менің барлық ұстаздарым UCAS-қа берген өтінішім бойынша ұсыным хаттарын жазған болса, олардың ішінде екеуі мен таңдаған американдық жоғары оқу орындары үшін толығырақ жазылған ұсыным хаттарын берді. Мұның барлығы менің өтініштерімнің құндылығын алғашқы мерзімдегіге қарағанда анағұрлым арттыра түсті, сонымен қатар менің де өзіме деген сенімділігім беки түсті. Өзімнің ұстаздарыма деген алғысым шексіз, әсіресе көлемді ұсыным хат жазған Гриффитс мырза мен Джеймс мырзаға ықыласым ерекше.

Университет кеңесшісі Лопера ханым маған нұсқаулық бере отырып, керемет қолдау білдірді. Мысалы, ол менің Канада мен АҚШ мемлекетіне өтініш беруімнің әр кезеңінде менің дұрыс әрі қажетті ақпарат бергендігіме көз жеткізу үшін қасымнан табылып отырды. Сонымен қатар ол менің жазған әрбір эссемді тексеріп шықты (ал мен көп эссе жаздым). Өзімнің Лопера ханымсыз қазір қайда болатындығымды айта алмаймын, сондай-ақ ол кісіге қанша рақмет айтсам да, жеткіліксіз болады, мен оның жақсылығын қайтара алмаспын!

Менің өтініштерім UCAS-қа жеткен кезде, алтыншы деңгей басшысы Фрейзер ханым да көп көмек көрсетті, әсіресе, британ университетінің бұрынғы кеңесшісі жеке басы мәселелеріне орай бізге көмектесуін тоқтатқандығын (шамамен барлық істің аяқталуына небәрі 18 күн қалғанда) ескерсек, бұл қолдау маған ауадай қажет еді. Сол себепті жағдайдың ушыққан сәтінде Фрейзер ханымның іске араласуы өте маңызды болды, өйткені оның қолдауы (мысалы, қажетті құжаттарды жіберуі және менің жеке өтініштерімді қайта түзету жұмыстары) Ұлыбританияның жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін шұғыл түрде ең жақсы өтініштерді толтырып жіберуге болатындығына менің және менің көптеген сыныптастарымның көзін жеткізді. Мен Фрейзер ханым туралы, сондай-ақ оның соңғы 18 күн ішінде менің абдырап, қобалжи бастаған сәтімде көрсеткен қолдауы үшін тек жылы лебізімді ғана білдіре аламын. Ол шын мәнінде керемет адам!

Жоғары оқу орнында қандай сала бойынша білім алмақшысыз?

Дәл қазір, мен экономика саласы бойынша білім аламын деп ойлаймын (егер мен Ұлыбританияға немесе Канадаға баратын болсам). Алайда бұл пікірім мен АҚШ мемлекетіне баратын болсам, толықтай өзгеруі мүмкін, себебі АҚШ оқу орындарында бірнеше пәндер бойынша өзіңді сынап көруге мүмкіндік береді, дегенмен мен әлі де болса, экономика саласына барамын деген пікірдемін.

Сіздің алған бағаларыңыз, сыныптан тыс қатысқан қосымша сабақтарыңыз бен қол жеткізген жетістіктеріңіз 13-сыныпта өтініш беру сәті басталғанға дейін қатты өзгеріске ұшырай қояды деу шындыққа жанасымсыз,  сондықтан  өзіңіз жазатын эссеге өзіңіз ғана бақылау жүргізе алатындықтан, оның маңыздылығы туралы тағы да бір рет ескертіп айтқым келеді.

Қысқаша тізім жасап алыңыз, тек содан кейін зерттей бастаңыз, ізденіңіз және анықтауға тырысыңыз. Бұған өзіңіз жасаған университеттердің қысқаша тізімі де, өзіңіз жасағыңыз келетін әуес істеріңіз де (өзіңіз оқығыңыз келетін курс туралы ақпарат жазсаңыз, артық болмас еді), сонымен қатар өзіңіз туралы (қандай қабілетіңіз бар, сізге не ұнайды, қандай дарыныңыз арқылы сізді артықшылығы бар үміткер қатарына жатқызуға болады және т.б.) берген толық ақпараттарыңыз да жатады. Мұның барлығы өзіңіз жазатын эссенің берік іргетасын қалауға септігін тигізеді, ал ол өз кезегінде жазылған эссенің құндылығын арттыра түседі.

Сіздің алған бағаларыңыз, сыныптан тыс қатысқан қосымша сабақтарыңыз бен қол жеткізген жетістіктеріңіз 13-сыныпта өтініш беру сәті басталғанға дейін қатты өзгеріске ұшырай қояды деу шындыққа жанасымсыз,  сондықтан  өзіңіз жазатын эссеге өзіңіз ғана бақылау жүргізе алатындықтан, оның маңыздылығы туралы тағы да бір рет ескертіп айтқым келеді. Оған қоса, бұл зерттеулер кейін өзіңізге жауап жазуға қажет болатын уақытыңызды үнемдеуге көмегін тигізеді (уақыттың алтыннан да қымбат екенін 13-сыныпта болғанда жақсы түсінетін боласыз).

Жаңалықтар
25.03.2024
Мектеп Наурызды жарқын мерекелермен атап өтеді!
Өткен аптада біздің мектеп көктемнің жаңаруы мен келуін бейнелейтін Наурыз мерекесінің қуанышты рухына толы болды.
20.03.2024
13 сынып оқушылары беделді Британиялық Колумбия университетіне қабылданды
13 сыныптың үш үздік студенті Канададағы беделді Британиялық Колумбия университетіне (UBC) қалаған оқуына түсіп, үлкен жетістікке ие болды.
18.03.2024
Беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін 12-сынып стипендиаты Әбілмансұр таңдалды
Біз 12-сынып оқушыларының бірі Әбілмансұр Швейцарияның Женева қаласындағы әйгілі Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін таңдалғанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат