Haileybury Astana түлектерінің көкке шығуы

Haileybury Astana түлектерінің көкке шығуы

15 маусым күні біз Haileybury Astana мектебінің түлектеріне арналған іс-шара өткіздік. Іс-шара барысында түлектерімізді мектеп аумағында ұйымдастырылған түрлі көңілді іс-шараларға қатысуға, сонымен қатар бізге қосылып көкке шығуға шақырдық. Бұл іс-шараға әртүрлі жылы мектеп бітіріп кеткен түлектеріміз келді, бұл біздің соңғы, яғни биылғы мектеп бітіріп жатқан түлектерімізге өздерінің және басқа түлектеріміздің не істегенін және қандай жетістіктерге жеткенін өз көздерімен көруге мүмкіндік берді.

Бұл іс-шараға мектеп негізі қаланған кезден бастап білім алған түлектеріміз де келді. 2019, 2020, 2021 және 2022 түлектер тобының мүшелері жиналып, тыныштықта, барлығы тамаша кешті бірге өткізді. Бұрын бітіріп кеткен түлектердің арасында биыл бітіруші шәкірттермен бірге іс-шараларға қатысып, сұрақтар қойғандары болды, ал биылғы түлектер өз болашақтарына қатысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, алдағы өмірлеріне қажет болатын кеңестер алып, түсініктерге ие болды.

Бұл алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралардың тамаша бастамасы, сол бақытта жасалған тиімді қадам болды деуге болады. Біз түлектеріміздің өз уақыттарын пайдалы өткізгендеріне сенімдіміз. Аталған іс-шараны Haileybury Astana мектебінде жақын арада тағы да өткіземіз деп үміттенеміз.

Түлектердің келесі ауқымды іс-шарасы 2024 жылдың 20 қаңтарында Лондонда өтеді. Барлығын сол жерде көргенше асықпыз.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат