IB емтихандарынан 40 балл жинаған Haileybury Astana түлегі Бекзатханның жетістік тарихы

IB емтихандарынан 40 балл жинаған Haileybury Astana түлегі Бекзатханның жетістік тарихы

Мектебіміздің  Халықаралық  Бакалавриат  Диплом бағдарламасы  бөлімінің  түлегі Бекзатханды Thomas More  атындағы қолданбалы ғылым университетіне қабылдануымен шын жүректен құттықтаймыз! Thomas More университеті Фландерстегі қолданбалы ғылым бойынша ең ауқымды жоғары оқу орны болып табылады. Антуэрп аумағындағы дат және ағылшын тілдерінде бакалавр деңгейі мен екінші мамандық алуға арналған 30-дан астам курс бағдарламаларын  ұсынады. Біз Бекзатханның қол жеткізген осындай зор   жетістігін мақтан тұтамыз!

Бекзатханнан жоғары оқу орнын таңдау және емтиханға дайындалу барысына қатысты бірнеше сұрақ қойған болатынбыз. Назарларыңызға шәкіртімізбен болған  сұхбатымызды ұсынамыз,  қабыл алыңыздар.

Сен қай жоғары оқу орнына қабылдандың? Қай сала бойынша білім алмақшысың?

Мен  Thomas More Mechelen атындағы Antwerp қолданбалығылым университетінде білім алмақшымын. Менің басты назар аударып оқитын салам маркетинг болмақ  (Ғылыми мәліметтер, Қорғау & сақтық)

Нәтиже белгілі болған кезде қандай сезімде болдың? 

Әрине, өз басым дәл осындай  нәтижеге қол жеткіземін деп ойлағаным жоқ, емтихан ұпайым әлдеқайда төмен болады деп ойлаған болатынмын, сол себепті  мен үшін  нағыз тосынсый болып шықты. Мектеп қабырғасындағы Халықаралық Бакалавриат бөлімінде екі жыл сабақ оқып жүргенде мұқият тыңдап, аянбай еткен еңбегімнің жемісі, міне, болашағымадаңғыл жол ашып отыр.

Халықаралық Бакалавриат диплом бағдарламасы бөлімінде оқыған екі жылыңды қалай сипаттап берер едің? Курс бағдарламасын меңгеруде қандай да бір қиыншылықтар орын алған кездер болды ма?

Шынымды айтсам, соншалықты  қиын болды дей алмаймын. Мен кез келген  нәрсеге үлкен жауапкершілікпен әрі ұқыпты қарайтындығымнан, курс бағдарламасын меңгеру қиынға соқпады.

Курста оқыған  екі жылдан кейін  өзіңді жоғары оқу орнына баруға дайынмын деп ойлайсың ба?

Ең алдымен,  курс маған уақытты бағалауды үйретті, бұл мен үшін үлкен сабақ болды, сонымен қатар жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті талап болып табылатын эссе тапсырмасын жазуға әбден машықтандым.

Халықаралық  Бакалавриат  диплом  бағдарламасы  бөліміне енді ғана қабылданып, өздерінің қызық та қиын оқу жылын бастағалы отырған шәкірттерге не айтасың?

Компьютер саласы бойынша  білім  алушыларға айтар кеңесім мынау болмақ: егер  өз болашағыңызды Ақпарат  технологиясы немесе  компьютер саласымен  байланыстырамын деп жоспарласаңыз, мектепте берілген ақпаратқа қоса, сырттан да өз бетіңізбен ізденіп оқығаныңыз дұрыс болады деп нық сеніммен айта аламын. Мысалы,  Java, HTML/CSS/JavaScript/PHP, C# және C++ секілді бағдарлама тілдері бойынша   Techopedia немесе   GeeksforGeeks вебсайттарын қарауыңызға және  Techquickie пен Mike Dane-нен бейнеақпараттар көруіңізге,  r/ITCareerQuestions және r/learnprogramming сайттарына да шолу жасауыңыз қосымша пайдалы ақпарат алуыңызға септігін тигізеді. Сонымен қатар өз біліміңізге сенімді болсаңыз,  CompTIA бойынша A+ немесе ITF+ куәлігін алуға тырысып, бағыңызды сынап  көріңіз. Әлбетте, білім  жолы ең қиын да күрделі жолдардың бірі, ешнәрсе де бірден өз нәтижесін көрсете қоймайды.

Біліміңізді қызықты ойын бағдарламаларын жасаумен ұштастыра  білсеңіз, тіпті  керемет болмақ. Веббағдарламалар тілін жақсылап меңгеріп алған соң, өзіңіз үшін вэбсайт жасап алыңыз. Не болмаса,  Unity/Unreal/Godot бағдарламаларын жүктеп алып, өзіңіздің бейнеойындарыңызды жасай беріңіз. Тек қана оқуға ден қоямын деп, білім алуға деген қызығушылығыңызды жоғалтып алмаңыз. Достарыңызға да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Курста оқыған кезде мұғалімдеріңіздің тарапынан қолдау көрсетілді ме?

Әрине,  мұғалімдеріміз барлық  уақытта жанымыздан табылып,   сұрақтарымызға жауап беруге дайын болды, алайда барлық пәндер бойынша  аралық үлгерім бағаларым жақсы болғандықтан, мазаларын алмадым, көмекке қатты мұқтаж болмадым. Алайда ұстаздарымыздың әрқайсысы біздің Халықаралық Бакалавриат курсында әрбір пән бойынша мейлінше  жеткілікті әрі жан-жақты білім алуымыз үшін бар білімдерін, күш-жігерлерін  сарп етті.

Жаңалықтар
24.04.2024
Анна Нидерландыдағы жетекші университеттерге биология бакалаврына қабылданды
Академиялық шеберліктің әсерлі көрінісінде Анна Биология бакалавры дәрежесін алу үшін Нидерландының бірнеше беделді университеттеріне қабылданды.
23.04.2024
Haileybury Astana Nursery балабақшасының қосымша сыныбын ашады
Қабылдау 2024 жылдың тамызынан басталады
22.04.2024
Haileybury Astana 4-ші жыл сайынғы hastmun конференциясын сәтті өткізеді
Haileybury Astana жақында көптен күткен 4-ші жыл сайынғы HASTMUN конференциясын аяқтады, ол 13-14 сәуірде үлкен табыспен өтті.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат