Haileybury Astana мектебінің оқушысы Британдық Колумбия университетіне қабылданды

Haileybury Astana мектебінің оқушысы Британдық Колумбия университетіне қабылданды

Мектебіміздің Халықаралық  Бакалавриат бөлімінің түлегі Аринаны University of British Columbia жоғары оқу орнына қабылданауымен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкіртіміздің осындай ауыз толтырып  айтарлық табысқа қол жеткізуін  мақтан тұтамыз. Біз Аринаға жоғары оқу орнына қабылдану барысында қандай іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны, сонымен қатар емтиханға дайындық жүргізгенде нені ескеру қажет, қандай мәселеге басты назар аудару керек деген сұрақтар қойып, пікірлескен болатынбыз. 

Сен қай жоғары оқу орнына қабылдандың? Қандай сала бойынша  білім алмақшысың?

Мен бірден екі жоғары оқу орнына қабылдандым: Lancaster university және University of British Columbia (UBC). Мен  University of British Columbia (UBC) университетін таңдадым. Алғашқы екі жыл бойы мен  сауда-саттық және маркетинг бағдарламалары   бойынша дәріс аламын. Содан кейін маркетинг саласын тереңдетіп оқитын боламын.

Нәтижелер белгілі болып, қолыңа тиген кезде қандай сезімде болдың?

Қорытындылар белгілі  болғанда,  иығымнан ауыр жүк түскендей  күй кештім,  себебі  нәтиже дәл осындай керемет  болады деп  әсте ойламаған болатынмын.⠀

Өзіңнің Халықаралық  Бакалавриат Диплом  бағдарламасы бөлімінде өткізген  оқу жылдарың туралы, осы бөлімнің түлегі ретінде  не айта аласың? Оқу барысы қаншалықты қиын болды?

Әлбетте, білім  алу барысында түрлі қиындықтармен бетпе-бет келдім, онсыз болмайтын да еді, олай деуіме  себеп мен бұған дейін  ешқашан  британ мектебінде оқыған жоқпын, дегенмен бұл жылдар менің өмірімде ойып тұрып орын алған, түрлі қызықты естеліктерге, аса пайдалы тәжірибелерге толы жылдар болды.

Халықаралық Бакалавриат Диплом бағдарламасы бойынша білім алған екі жылдан кейін өзіңді жоғары оқу орнына дайынмын деп айта аласың ба?

Толық сенімдімін, оған қоса,  пәндік айырмашылықтар маған өзім қызығушылық танытқан өзге пәндерді тереңірек зерттеп, қосымша білім алуыма мүмкіндік береді. 

Халықаралық  Бакалавриат  бөліміне жаңадан қабылданып,  өздерінің  қызықтар  мен қиыншылықтарға толы оқу  жылын енді  бастағалы  отырған оқушыларға айтарың бар ма?

Халықаралық  марапат  пен EE  бағдарламаларына мейлінше ерте атсалысуға тырысқандары жөн. Және оларды  бірінші оқу жылының жазына дейін аяқтаса еш ұтылмайды. Бұл дегеніңіз, емтиханға дайындық жүргізетін бос уақыттың пайда болуын қамтамасыз етеді.

Ұстаздарыңның тарапынан қандай да бір қолдау болды ма?

Әрине,  өзім күткеннен де  бірнеше есе артық көмек  көрсетілді деп нық сеніммен  айта аламын. Кез келген жауабын таба алмаған сұрақтарыма ұстаздарым еш қиналмастан,  ерінбестен жауап беріп,  толық түсіндіріп беруде өз уақыттарын еш аямады.

Жаңалықтар
25.03.2024
Мектеп Наурызды жарқын мерекелермен атап өтеді!
Өткен аптада біздің мектеп көктемнің жаңаруы мен келуін бейнелейтін Наурыз мерекесінің қуанышты рухына толы болды.
20.03.2024
13 сынып оқушылары беделді Британиялық Колумбия университетіне қабылданды
13 сыныптың үш үздік студенті Канададағы беделді Британиялық Колумбия университетіне (UBC) қалаған оқуына түсіп, үлкен жетістікке ие болды.
18.03.2024
Беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін 12-сынып стипендиаты Әбілмансұр таңдалды
Біз 12-сынып оқушыларының бірі Әбілмансұр Швейцарияның Женева қаласындағы әйгілі Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы CERN-дегі беделді CERN-Solvay студенттік лагеріне қатысу үшін таңдалғанын қуана хабарлаймыз.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат