Haileybury Astana мектебі FOBISIA өнер байқауында жеңіске жетті

Haileybury Astana мектебі  FOBISIA өнер байқауында жеңіске жетті 

Біз сіздермен Haileybury Astana мектебінің 7-сынып оқушысы Глорияның  FOBISIA (Азия елдеріндегі Британдық халықаралық мектептер федерациясы) ұйымдастырған  беделді халықаралық
2023 жылғы модельдер байқауының жеңімпазы болғаны туралы қуанышты жаңалығымызбен бөлісуге асықпыз. 

Глорияның байқауда жеңіске жеткен "Ағаш Мектебі" моделі жасыл технологиялар мен тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарын көрсететін керемет туынды болып шықты. Малайзияда өткен байқау өнер, дизайн және технологияның қызықты үйлесімі бола отырып, бүкіл Азия елдері мектептерінің қатысуын қамтамасыз етті.

Байқау оқушыларға өздерінің көркемдік қабілеттерін көрсететін платформаны ұсынып қана қоймай,  тұрақты тәжірибелер мен экологиялық бастамаларды үйренуге, сонымен қатар оларды алға ілгерілетуге итермеледі.  Біз Глорияны қол жеткізген осындай керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз және оның тамаша көрсеткішімен мақтанамыз.

Глория секілді оқушыларды мектептің стратегиялық мақсаты болып табылатын тұрақты дамуға ықпал ететін шығармашылық ізденіс пен өзін-өзі көрсетуге шақыра отырып, мектеп өнер мен дизайн арқылы жаһандық мәселелерді шешудің маңыздылығын атап көрсетеді.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат