Haileybury күні

16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.

Содан жиналған барлық қаражат Қазақстандағы ерекше балалар арасында спортты дамытумен айналысатын "Тең мүмкіндіктер әлемі" қорына жіберілетін болады.

Іс-шараға қолдау көрсеткен барлық адамдарға алғыс айтамыз. Күн шынымен де керемет өтті. Жиналған сома қазірдің өзінде есептелуде. Өткен жылы біз шамамен 1 300 000 теңге жинаған едік. Осы жылы бұл сомадан көп жинай алдық па? Қалай ойлайсыз?

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
18.09.2023
Haileybury Hawks жаңа жиынтығын таныстырамыз!
Haileybury Hawks жаңа спорт формасын көрсетуге қуаныштымыз! Соңғы жыл бойы оқушыларымыз жергілікті және халықаралық турнирлерге арналған спорт киімінің жаңа логотипін таңдаған болатын.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат