Haileybury таланттар шоуы

Haileybury таланттар шоуы

Жыл сайын қосымша білім беру апталығы аясында Haileybury Astana мектебінде оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің ұйымдастыруымен таланттар шоуы өтеді. Шоуға қатысатын оқушылар өздерінің таланттарын көрсетіп, көңіл көтеріп, уақыттарын қызықты өткізе алады. Біз мұны оқу жылының сәтті аяқталуы деп санаймыз, өйткені бұл іс-шара біздің оқушыларға қиын емтихан кезеңінен кейін көңілденіп, дем алуға мүмкіндік береді.

Міне, сонымен тағы да, 2023 жылы мектебіміздің ұлағатты ұстазы, Эдмонстоун үйінің басшысы Гүлшат Назымбекова ханым, бірнеше шәкірттерімен бірге қызықты шоу ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізді. Біздің оқушыларымыздың ағымдағы оқу жылы бойы аянбай еңбек етіп, сәтті аяқтап бітірулерімен тұспа-тұс келген бұл іс-шара оларға еш уайымсыз, көңіл көтерулеріне мүмкіндік берді. Haileybury Astana мектебінде дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін Haileybury ' s Got Talent шоуы биыл тағы да үлкен жетістікке жетті. Мектеп ұжымы атынан барлық қатысушыларға Гүлшат ханымның жұмысын керемет толықтырған қажырлы еңбегі мен дайындықтары үшін алғыс айтқымыз келеді. Гүлшат Назымбекова ханымға шоуды дайындауға көмектескен 10-сынып оқушысы Томириске алғыс білдіргіміз келеді.

Haileybury's Got Talent байқауына барлық орта мектеп оқушылары қатысып, өз таланттарын көрсетіп, бақтарын сынап көруге шақырылды. Әр оқытушыдан әртүрлі нәрсе ойлап табу талап етілді, нәтижесінде түрлі жастағы әртістердің таңғажайып шеберліктерінің куәсі болдық. Алайда, біздің шәкірттеріміздің қасиеттерін тек таланттар шоуы барысында ғана көрінді деу қате болар еді. Біздің шәкіртіміз Айалим, оқушылар басшысы, өзінің тамаша жүргізуші әріптесі Даринамен бірге осы керемет іс-шараны өткізіп шықты. Айалим орынды қалжыңдарын айта отырып, көрермендердің көңілін көтеріп, залға көңілді атмосфера сыйлай алды. Біз Айалим мен Даринаға осы іс-шараны өткізіп шығу барысында жүзеге асырып, керемет жұмыс жасағандары үшін алғыс білдіргіміз келеді.

Сонымен қатар, бүкіл таланттар шоуы барысында біз өз шеберліктерін көрсете отырып, көрермендердің көңілін көтеру үшін аянбай жұмыс істеген жаны жайсаң оқушылар мен қызметкерлерімізді көре алдық. Мектеп ұжымы атынан таланттар шоуына қатысқан және байқаудың өз дәрежесінде өтуі үшін күш салған жандардың барлығына алғыс айтқымыз келеді.

Жаңалықтар
26.09.2023
Astana Physics Battles Haileybury Astanaда
Haileybury Astana еліміздің түкпір-түкпірінен келген физик-энтузиастарды Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы Astana Physics Battles турниріне шақырады! 4-5 адамнан тұратын командалар физикадан олимпиадалық есептерді шешу, презентациялау және қарсыластардың жасаған қателерін табу қабілеттерін сынайтын болады.
21.09.2023
Ұлттық пікірсайыс байқауына тіркелу
Астана оқушыларын 14 қазан күні Haileybury Astana мектебінде өтетін алғашқы ұлттық дебат байқауына қатысуға шақырамыз. Дебат әлемдік стандарттарға сай өтеді. Ал үздік команда Haileybury Almaty мектебінде бір уақытта өтетін дебат жеңімпаздарымен ойнайтын болады.
19.09.2023
Haileybury күні
16-шы қыркүйек күні жыл сайынғы Haileybury Day қайырымдылық іс-шарасы өткен болатын. Мектептің барлық мүшесі іс-шараға белсенді түрде қатысты. Бастауыш және жоғары мектеп мұғалімдері оқушылар мен іс-шара қонақтары үшін ойындар өткізді.
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат