«Hearts and Wings» журналының бесінші нөмірі

«Hearts and Wings» журналының бесінші нөмірі

Біз «Hearts and Wings» журналының бесінші шығарылымының ресми түрде жарық көргенін қуана хабарлаймыз!

«Hearts and Wings» -бұл Халықаралық бакалавриат бөлімі оқушыларының басшылығымен шығатын мектепішілік журнал. Бұл журналда мектептегі болып жатқан түрлі іс-шаралар баяндалып, әлемдік жаңалықтар талқыланады.

Бұл шығарылым бірінші тоқсандағы іс-шараларды қамтыды. Журналдың басты тақырыбы Haileybury күніне арналды, бұдан басқа қамтылған оқиғалар жаңа мектеп префектілерін таңдау және тілдер күні, сондай-ақ COBIS байқауы мен футбол сайыстары болды.

Біздің дарынды суретшілеріміз «Hearts and Wings» журналының  мұқабасынан бастап, соңғы бетіне дейін өздері безендіріп шықты. Журнал мұқабасындағы бейнеленген Haileybury Астана мектебіндегі төрт үй Гарри Поттермен ұқсастықты меңзейді.

Бұл керемет шығарылымда тек Халықаралық бакалавриат оқушылары ғана емес, 10 және 11-сынып оқушылары да бірлесе отырып жұмыс істеді. Біз осындай тамаша жобаның жүзеге асырылуына үлес қосқандардың барлығына ризамыз және Халықаралық бакалавриат оқушыларының бастамашыл және жауапкершілікті бола алғандары үшін қуаныштымыз.

Haileybury Astana сайтынан «Hearts and Wings» журналын онлайн оқу қолжетімді екендігін қуана хабарлаймыз!

Жаңалықтар
05.12.2023
Haileybury Astanaдағы музыкалық кештер
Осы аптада Өнер департаменті ата-аналарға арнап керемет шығармашылық кеш өткізді! Іс-шарада қосымша музыка сабақтарына қатысатын оқушылар вокалдық және аспаптық өнерлерін көрсетті.
04.12.2023
Ортақ игілік үшін бірігу: Haileybury Astanaның Рождестволық қайырымдылық базарына қатысуы
3-ші желтоқсан күні Radisson қонақ үйінде Haileybury Astana мектебі Елшілердің Жұбайлары Ассоциациясы өткізген жыл сайынғы Рождестволық қайырымдылық базарына қатысты.
01.12.2023
Haileybury Astana студенті FOBISIA «Перспективалар» өнер байқауында бірінші орын алды
10-ші класс оқушысы Бақашарды Малайзиядағы @ ParkCity халықаралық мектебі ұйымдастырған FOBISIA “Перспективалар” Халықаралық көркемсурет байқауында бірінші орын алуымен құттықтаймыз!
Біз осы сайтта cookie файлдарын қолданамыз. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз cookie файлдарын орналастыруға келісесіз Қосымша ақпарат